«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет113/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Рентгеноскопия - рентген сәулесі арқылы дене мен ағзалардың кескінін айнадан көру. Дененің кескінін айнадан көру үшін рентген сәулесі мен организмдегі ағзалардың қасиеттері пайдаланылады: 1. рентген сәулесінің денеден тікелей өтуі; 2. оның әсерінен кейбір химиялық заттардың жарқылдауы; 3. тығыздығына қарай ұлпалардың рентген сәулесін өз бойына сіңіру қабілеті.
Денелер мен ұлпалардың кескінін көру үшін арнайы көру айнасы қолданылады. Ол денеден өтіп түскен рентген сәулесінің мөлшері мен қарқынына қарай көру айнасы жарқылдайды. Көру айнасының көлемі 30x40 см ақ картоннан тұрады, оның бір жағы химиялық затпен көмкерілген, ол рентген сәулесі түскен кезде жарқылдайды. Химиялық заттың бірі - платина- синеродисті барий, ол рентген сәулесі түскенде сары-жасыл түспен жарқылдап, флюоресцияланады. Егер айнаға, яғни платина-синеродисті барийге рентген сәулесі көп және қатты қаркынмен әсер етсе, ол солғұрлым қатты жарқылдайды. Бұл жарқылдау құбылысы Стокс заңына тікелей байланысты, әсер етуші жарықтың толқынының ұзындығынан пайда болған жарық толқыны ұзын болады.
Қазіргі кезде көретін айнаның беті мырыш-кадьмий сульфатымен көмкерілген.
Егер рентген түтігімен көргіш айнаның арасына бір затты немесе малдың денесінің бір бөлігін орналастырсақ, онда одан рентген сәулесі өтіп, айнаға түседі. Айна жарқылдайды, бірақ әр жері әртүрлі күшпен жарқылдайды. Себебі, дененің әрбір ұлпасының тығыздығы әртүрлі, сондықтан оның тұтқырлығы да әртүрлі болады, содан барып керу айнасы әртүрлі жарқылдайды.
Мысалы: ауа рентген сәулесін тұтпайды, себебі оның тығыздығы өте төмен, ал оған қарағанда бұлшық ет, сіңір, паренхималық ағзалар, ішек кішкене де болса көбірек тұтып, өз бойына сіңіреді. Ағзалардың ішінде рентген сәулесін жоғары дәрежеде тұтып, бойына сіңіретін, ол сүйек ұлпасы.
Егер сүйекті немесе металлды көру айнасымен (экран), зерттеген кезде ол жарқылдамайды, ал жарқылдаса да өте баяу, себебі бұлар арқылы рентген сәулесі өтпейді, ал өтсе де өте аз мөлшерде, содан барып көру айнасында көлеңке пайда болады. Ал сүйектің айналасындағы ұлпалар өзінің тығыздығына қарай әртүрлі жарқылдайды. Көру айнасынын дене кескіні түспеген аумағы, рентген сәулесінің тікелей түсу әсерінен өте қатты жарқылдайды, содан барып көру айнасында әртүрлі жарқылдаудың әсерінен кескіннің көлеңкесін көреміз. Көру айнасын механикалық күштен сақтау үшін, оны екі тұтқалы ағаш рамасына салады. Ол бірнеше кабаттан тұрады: 1. целлулойд немесе пластмасса; 2. көру айнасы; 3. қорғасындалған жүнек, оның қалыңдығы 10 мм. Бұл бір жағынан көру айнасын механикалық соққыдан сақтаса, екінші жағынан, ол рентгенологты рентген сәулесінен қорғайды.
Рентген сәулесімен көріп тексеру тек қараңғы бөлмеде жүргізіледі, ал қараңғылауға мүмкіндік болмаса, онда криптоскопты пайдалану керек.
Ағзаларды рентген сәулесі арқылы зертгегенде, көру айнасын малдың денесіне жанастыра тигізу керек. Рентген түтігі зерттелетін дененің қарама- қарсы жағында орналасады, ал оның экраннан қашықтығы 60-90 см болуы тиіс, себебі көру айнасының 30x40 сантиметрлі аумағын рентген сәулесінің орталық шоғыры толық түсіп, қамтуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет