Рентгенография немесе дене мен ағзалардыңкескінін рентгенограммаға түсіру - ең қолайлы және тиімді тәсіл. Рентгенгаммада, рентгеноскопия әдісіне қарағанда өте ұсақ өзгерістер жақсы көрінеді.
Рентген пленкасының негізі целлулойдтан жасалып,желатинмен қапталған. Оның екі жақ бетіне жарық сезгіш күміс қоспажағылған,сондықтан таза пленканы қараңғы жерде картоннан жасалған қара қорапта сақтайды. Суретке түсіру үшін пленканы кассетаға салады, оның жануарларды зерттейтін жағы алюминиден жасалғандықтан рентген сәулесін ұстамайды.
Кассетада рентген пленкасы екі үдеткіш пластинкалардың арасына салынады. Үдеткіш пластинкаға экран сияқты рентген сәулесінің әсерінен жарқырайтын химиялық қоспа жағылған. Суретке түсіргенде, рентген пленкасына рентген сәулесімен бірге, үдеткіш пластинканың да жаркыраған әсері тиеді. Рентген пленканың жарық сезгіш қабаты желатинмен араласқан, ұсақталған, бромды күміспен кристалдануы жылдамдайды. Бейне шығарушы ерітіндіде, пленканың рентген сәулесі түскен жеріндегі бромдалған күміс, таза күміске және бромға жіктеледі. Бром бейне шығарушы ертіндідегі сілтіге сіңіп кетеді де, таза күміс пленканы қарайтады. Рентген пленкасы көп түскен сайын оның қараю касиеті қоюлана түседі. Бейне шығарушы ертіндіден кейін пленканы суға салып, ертіндінің қалдығынан тазалап жуғаннан кейін тұрақтандырушы (бекітуші) ертіндіге салып, бромдалған күмістің қалдығын ерітіп жібереді. Енді пленкаларға жарық әсер етпейді. Осыдан кейін пленканы тазалап жуып, кептіреді. Мүшенің атомдарынан шыққан шашыранды сәулелер пленкаға, не экранға түсіп, мүшелердің айнадағы көрінісін төмендетеді. Бұл кемшілікті жоюдың екі түрі бар. Біріншісі, рентген түтігінен шыққан сәулені қосымша тетік арқылы (тубус) белгілі бір аумаққа шектеп жібереді. Бұл кезде шашыранды сәуле азайып, экранға не пленкаға тік түсетін сәулелердің саны молаяды. Екіншіден, малмен пленканың, не экранның арасына сұрыптау торшілтерін қондырады. Торшілтер жіңішке қорғасын таспаларынан жасалған. Бұл толшілтер тік өтетін сәулелерді ғана жіберіп, шашыранды сәулелерді ұстапқалады.Рентген суретінде торшілтердің өзі көрінбес үшін айнаға қарап несуретке түсірген кезде қозғалып тұрады да көлеңкесі шайылып, көрінбейді.
Рентген суретіндегі мүшелер әр уақытта үлкейіп көрінеді, оларды өз аумағында көру үшін рентген түтігін суретке түсіретін мүшеденалыстатып,мүшені рентген пленкасына барынша жақындату қажет.
Екі негізгі тәсілдерді (айнаға қарау, рентген суретіне түсіру) бір- бірімен салыстырып тексерсек, айнамен қарағанда рентген сәулесінің теріге тигізетін әсері 25 есе көп. Мысалы, кеуде және кеуде қуысындағы мүшелерді рентген суретіне түсіргенде сол жердің терісіне түсетін рентген сәулесі 9-11 миллирентген, ал айнамен қарағанда ол жерге түсетін сәуле 225 миллирентген (И.А. Переслегин, 1976 ж.), яғни 25 есе көбейеді, ал ұрық безіне бұл жағдайда орта есеппен 30 миллирентген сәуле түсетін көрінеді. Кеудені бір-бір жарым минут айнамен қараса, ұрық безіне түсетін сәуле рентген суретіне қарағанда 20 есе өседі. Айнаға ЭОП (электронды оптикалык құрал) арқылы қарағанда, сәуленің әсерін айнамен қарағаннан 7-10 есе азайтады. Сонымен ең дұрысы – сәуленің әсері аз рентген суретіне түсіру тәсілін пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |