Рентгенофлюорография тәсілі - экраннан суретке түсіру үшін арнайы флюорограф құралы колданылады. Суреттің көлемі өте кішкентай (2,4 х 2,4; 3,2 х 3,2) болғандықтан жалғыз өзін ауру түрін анықтауға пайдаланбайды.
Қолданылатын орны - отар арасынан ауруы бар малдарды іріктеп алып, дер кезінде арнайы ем қолдану. Флюорограммаларды флюороскоп құралы арқылы үлкейтіп қарап, қорытындысын береді.
Жоғарыда көрсетілген әр тәсілдердің өздеріне тән тиімді және тиімсіз ерекшеліктері бар.
Рентгенскопия тәсілінің тиімді жақтары: 1) арзан; 2) оңай, жылдам; 3) бірнеше бағытта зерттеуге болады; 4) мүшелердің қозғалысын, атқарып тұрған қызметін көзбен көріп талдауға болады.
Тиімсіз жақтары: 1) айнамен қарау алдында көзді қараңғылыққа кемінде 20-30 минут бейімдеу керек; 2) экранның жарқырауық қасиеті нашар болғандықтан ұсак көріністерді көру қиын және оны ұзақ уақыт қарау керек; 3) сәуленің мамандарға және ауру малдарға тигізетін әсері өте көп, сондықтан оның биологиялық зиянды әсері де көп; 4) дәрігер көргенін ойында ұзақ уақыт сақтай алмайды, сол себептен қайта тексергенде өзгерістерін салыстырып анықтау қиын.
Рентгенграфия тәсілінің тиімді жақтары: 1) рентген суретінде өте ұсақ көріністерді көріп зерттеуге болады; 2) рентген суретін ұзақ уақыт сақтауға болады және бұрынғы суреттерімен салыстыра отырып болған өзгерістерді анықтауға мүмкіншілік туады; 3) сәуленің зиянды әсері мамандарға және ауру малға көп кемиді. Тиімсіз жақтары: 1) тәсіл өте қымбат; 2) қорытынды беру үшін кемінде 1-2 сағат уақыт керек; 3) мүшелердің қызметін динамикада тексеруге болмайды.
Флюорография тәсілінің тиімді жақтары; 1) аз уақыттың ішінде көп малдарды тексеруге болады; 2) арзан; 3) сәуленің әсері дәрігер- рентгенологқа аз. Тиімсіз жақтары: 1) сурет өте ұсақ, 2) рентген құралын әрдайым көлікке орнықтырып әр жерге апарып құрып тұру керек;
Қосымша тәсілдер: 1) Латероскопта, трохоскопқа қарап суретке түсіру; 2) Мүшені қатпарлап, бөлшектеп рентген суретіне түсіру (томография); 3) Мүшенің кызметін зерттеу (рентгенокимография) т.с.с. тәсілдер.
Сүйекті рентген сәулесімен зерттеуді алғашқы болып В.К.Рентгеннің өзі болды. «Қолдың әлсіз көрінетін көлеңкесінен сүйектің қоюланған көлеңкесін көрген». 1918 жылы Петроградта әлемдегі ең алғашкы адам
анатомиясын рентген сәулесімен зерттейтін лаборатория ашылды. 1921 жылы алғашқы рентген стоматологиялық клиника ашылды. В.И.Феоктисовтың басшылығымен алғашкы рентгендік томограф, 1935 жылы Н.О.Руссо алғашқы флюорографты ойлап шығарды. 1950-1980 жылдар рентгенология ғылымының елімізде даму кезеңі болып, XX ғасырдың аяғында рентгенаппаратгарының жаңа түрлері пайда бола бастады (цифровые рентгенустановки).
Рентген сәулесімен зерттеу әдісі - сүйек пен қаңқаны зерттеп, диагностика қоюдағы ең жоғары сапалы әдіс болып табылады. Бұл әдіс тек сүйектің құрылысын ғана емес, сондай-ақ сүйектену, сүйектің өсу динамикасын, тірек- қимыл системасының қимылдау кезеңіндегі ауруларын, сүйекті қоршап тұрған ұлпалардың да ауруларын зерттеуде маңызы зор.
Рентгенді сәуле шоғыры өзінің пайда болу орнынан (сәуле шығару анодының фокусынан) жайылған сәуле тәрізді болып тарайды. Осының салдарынан рентгенді көрініс әрқашан да үлкейтіліп беріледі. Бұл үлкейтілудің дәрежесі, зерттеліп жатқан ағза, рентгенді тетік пен көру қабылдағышының арасындағы кеңістіктердің өзара қатынастарына тәуелді. Бұл тәуелділікті мынадан көруге болады. Көру қабылдағышынан зерттелетін ағзаға (объектіге) дейінгі арақашықтықты өзгертпей, тетік фокусы мен ағза арасы қаншалықты аз болса, соншалықты үлкейтілу анығырақ айқындалады. Фокусты арақашықтықты үлкейту кезінде рентгенді көріністегі колемге кішірейіп, бұрынғы қалпына жақындай түседі (8.4.-сурет). Қарама-қарсы зандылық *объект – көру қабылдағышы* арақашықтығын үлкейту кезінде байқалады (8.5.-сурет). Зерттеліп жатқан объектіні рентгенографиялық пленкадан немесе көру қабылдағышынан алысырақ ұстаса, онда оның рентгенді көріністегі көлемі өзінің өлшемінен асып кетеді.