«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Темір сыңғырындай дыбыс (қорабты дыбыс)



бет49/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Темір сыңғырындай дыбыс (қорабты дыбыс) - яғни темір пластинкасына ұрған кезде шығатын дыбысқа ұқсас дыбыс. Ол өкпенің жоғарғы қабатында шар тәріздес қуыс каверна пайда, болуынан пайда болады, олардың ішкі қабаты тегіс мықты қабырғамен шектелген және пневмотороксте, егер салбырап шыққан ішек тұзақтарында метеоризм бар болса, диафрагмальді жарық кезінде кездеседі.



Иттің экссудативті плеврит ауруында өкпенің бәсеңдеу дыбыс сызығынын өзгерулері


Түбі тесік құмыраның шіңкіліндей дыбыс бұл дыбыс шытынаған құмыра дыбысындай, жарылған құмыраны соққан кездегі дыбысқа ұқсас. Мұндай дыбыс өкпедегі қуыс (каверна) бронхымен жіңішке қуысы бар түтікше арқылы қосылған кезде пайда болады.
Көкірек қуысын тыңдау. Көкірек қуысын тыңдаудың мақсаты ондағы шуылдың сипатын және күшін анықтау. Ол тыныстану ағзаларының жұмыс істеу қимылының әсерінен туындайтын шуыл.
Көкірек қуысын тыңдау тәсілі - малдың түріне, күдіктенген құбылыстың сипатына және басқа да заттарға байланысты болады. Ірі малда әдетте тікелей тыңдау тәсілі қолданылады, тек бір кішігірім аумақтағы дыбысты немесе өте нашар естілетін дыбысты есту үшін фонендоскоп және стетоскоп қолданылады. Тыңдау үшін алдын-ала мықтап байланған малдың жанына келіп, оның бас жағына қарап тұрады. Малдың арқасына қолды қойып, сол жақ өкпесін оң құлақпен, ал оң жақ өкпесін сол құлақпен тыңдайды.
Асау малдың өкпесінің артқы бөлігін тыңдау үшін тыңдаушы басын артқы құйрық жағына бұрып, сол өкпесін сол құлақпен, оң өкпесін оң құлақпен тыңдайды. Ұсақ малда тыңдауды құралдардың көмегімен жүргізген дұрыс, малды орындыққа жатқызып, артқы жағында тұрып, тыңдауды ортаңғы аумақтан бастайды (анконеустан бастап артқы перкуторлық шекараға дейін). Сонан соң жоғарыға ауысып, соңында төменгі аумақтармен бітіреді, алынған мәліметтерді симметриялы бөліктердегі мәліметтермен салыстыра отырып қорытындылайды.

Көкірек торшасын тындау: А- тікелей (құлақпен); 1- жылқының; 2-сиырдың; 3-сиырдың; 4- ешкінің; 5-иттің


Күйіс қайтаратын малда жауырын алды аумақты тыңдайды (фонендоскоппен немесе стетоскоппен). Әр нүктеде 2-3 фазасын тыңдайды. Егер тыныс шуылы әлсіз болса, онда оны күшейтуүшін малды әрі-бері жүргізеді, оның танау тесігін 20-30 секундка жауып тұрады немесе қолдан жөтелу тудырады.
Нігізгі шуылы үрмелі және бронхиалды тыныстан тұрады. Үрмелі дыбыс көкірек қуысында нәзік үрмелі шуыл болып естіледі.

Сиырдың өкпесін тындау реті: 1- ортаңғы үштен бір бөлікте; 2- ортаңғы артқы аумақта; 3 және 4- жоғарғы алдыңғы және артқы аумақтарда; 5- төменгі аумақта; 6- жауырыналды аумақта


Ол тыныс алған кезде және тыныс шығарар алдында білінеді. Қалыпты жағдайда үрмелі тыныс көкірек қуысының әр бөлігінде күші бірдей болып естілмейді.
Үрмелі дыбыс өкпенің перкуторлық үш бұрышының ортаңғы аумағында айтарлықтай қаттырақ, басқа бөлігінде біршама әлсіз естіледі.
Жылқыда және түйеде бұл тыныс нәзік, әлсіз болып, ал ірі қара малда, қойда, ешкіде, итте және мысықта ол ара тұра күшті және дауысты, қатты естіледі.
Үрмелі тыныстың өзгеруі мынадай болуы мүмкін: күшеюі, әлсізденуі және мүлдем естілмеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет