Ет қоректі жануарлардың қарнын зерттеу. Иттердің, мысықтардың және басқа да ет көректі жануарлардың қарнын зерттеу, негізінен шошқаны зерттегендей. Ал ит, түлкі және қара түлкі қарындарына зонд еңгізуге және одан алынған қарын жынын лабораторияда зерттеуге болады.
Қарау арқылы мал ішінің пішінін, оның көлемін және әртүрлі өзгерістерін, ауруға шалдыкқан кездегі тағы басқа сыртқы белгілері жиынтығын анықтауға болады. Екі қапталдағы қабырға доғасының арт жағынан ішке және алға қарай тереңдетіп сипайды. Осылай сипау арқылы қарынның орналасуын, оның азыққа толуын және ауырсынуын аңғарады. Сонымен қатар терендетіп сипау арқылы малда болатын әртүрлі бөгде заттарды (инородное тело) және ісіктерді анықтауға болады.
Перкуссия әдісімен қарынды зерттегенде сау малдатимпаникалық, ал қарындары кеуіп және үлкейіп кеткенде атимпаникалық, ал қарын қорытылмаған азыққа толы болса, ондасәл үнсіз бәсең дыбысты естиміз.
Құстардың қарнын (бөтекесін) зерттеу. Құстардың безді 1 қарнын жалпы клиникалық әдістермен зерттеу өте қиынға соғады,етті қарыңды сол жақтан сипап көріп, онда бөгде зат бар жоғын анықтауға болады. Сипау әдісінен белек қарыңдарды рентген сәулесін қолдану әдісімен зерттеуге де болады.
Қарын сөлін лабораториялық әдіспен зерттеу. Әрбір алынған қарын сөлінің әуелі физикалық қасиетін анықтап, сонан соң химиялық және микроскопиялық әдістермен зерттеп тексереді.
Физикалық қасиетін анықтау. Алынған қарын сөлінің әуелі мөлшерін арнайы ыдыспен өлшеп, сонан соң физикалық қасиетін анықтауға кіріседі. Қарын сөлінің түсін, консистенциясын, мөлдірлігін, сонымен қатар оңдағы болатын кілегейді көзбен қарау арқылы,иісін-иіскеп біледі, тығыздығын-арнайы аспапареометр арқылы білеміз.
Химиялық тексеру. Қарын сөлінің химиялық қасиетін анықтау үшін оның рН, байланысқан және байланыспаған НСІ және т.б. көрсеткіштері зерттелінеді.
Қарын сөлінің рН анықтау үшін арнайы рН-метр немесе индикаторлық қағазды пайдаланады ("Фан", "Рифан" т.б.).
Байланыспаған НСІ және жалпы қышқылдықты анықтау. 5 мл. сүзілген қарын сөліне 1-2 тамшы 0,5 % диметил-амидоазобензол ерітіндісін қосамыз, егер байланыспаған тұз қышқылы болатын болса, онда ерітінді қызыл түске боялады. Сонан соң оны араластырып, 0,1 күйдіргіш натрий ерітіндісімен жаңағы айтылған қызыл түс өзгергенше, яғни жоғалғанға дейін титрлеймыз. NаОН мөлшерін титрлеуге жұмсалған күйдіргіш натрий 20 санына, яғни коэффициентке көбейткенде шыққан мөлшері байланыспаған тұз қышқылы болып есептелінеді, ол 100 мл. қарын сөлінде қанша еріген қышқыл бірлігі бар екендігін көрсетеді. Егер сынамада байланыспаған түз қышқылы жоқ болса, онда оған диметилазобензол ерітіндісін қоссақ, ол сары түске боялады.
Байланыспаған тұз қышқылын анықтап болған соң осы стаканға 1-2 тамшы 1 % спиртті фенолфталеин ерітіндісін қосып, оны 0,1 н ИаОН ерітіндісімен сары түстен қызыл түске дейін титрлейміз. Байланыспаған тұз қышқылына кеткен ОН мөлшерін 20 санына кебейтіп, 100 мл қарын сөлінде жалпы қышқылдың қанша бірлігі бар екенін анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |