Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер.
Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары. К.Н. Қожанов. Семей 2005ж.
Ауыл шаруашылық малдарының жұқпайтын ішкі аурулары. Құрбанов С., Мамбетали О.Д., Құрбанова К.С. Шымкент, 2010 ж
Малдың ішкі жұқпалы емес және инвазиялық аурулары. Тулеметова С.Е. Шымкент 2012ж
Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. М. Қожабаев, Ш.М Қаратаев. Шымкент 2006ж
Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных . Курбанов С., Курбанова К.С. Шымкент 2010г
Внутренные болезни животных. Г.Г. Щербаков Москва. 2006г
Ветеринариялық клиникалық диагностика. Оқу құралы. Құрастырған М.А.Молдагулов. Алматы: Мерсал, 2004 г.
Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы. М.А.Молдагулов. Алматы,2007
Қосымша әдебиеттер
1. Внутренние болезни животных. Г.Г.Щербаков, А.В.Коробов. Санкт-Петербург,
2005 г.
2. Внутренние незаразные болезни животных. И.М. Карпутя Минск «Беларусь» 2006г
3. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных Животных. Под редакцией профессора В.И. Зайцева М. 1971 г.
№10 дәрістік сабақ.
Тақырыбы: Арнайы зерттеу: азық қорыту жүйесі. эндоскопия, гастроскопия, гастрография , руминография және зонд, енгізу, пунктаттарды, ликворды алып зертханалық тексеру.
Қарын сөлінің консистенциясы ішінде қалған тітіркендіргіш азыққа байланысты, қарын аурулары кезінде әртүрлі қоспалар болуы мүмкін-сілекей, қан ірің және т.б.
Сау жылқыда қарын сөлінің салыстырмалы тығыздығы-1,006-1,016. Я.И.Клейнбоктың зерттеулері бойынша сау жылқыда қарын сөлінің қышқылдық көрсеткіші төмендегідей: байланыспаған НСІ-0-6 бірлік, жалпы қышқылдылық - 4-9 бірлік; байланысқан НСІ -2-8 бірлік титрі. Сынама қоздырғыш заттарды бергеннен соң 1 сағат 25 минуттан кейін жоғарғы айтылған көрсеткіштер өзгереді де, 2,5 сағат өткеннен кейін көрсеткіштер өз қалпына келеді.
Қарын сөлін микроскоппен зерттеу үшін, алдымен сөлдің бөлігін тітіркендіргіш азықты бермей тұрып аш қарыннан сөлді алады, сонан соң оны сүзуден өткізеді. Бұл кезде көңіл аударатын мәселелер: ондағы қан, эпителий торшаларын, кілегейді, микробтар және гельминттер жұмыртқасын анықтау. Сау жылқының қарын сөлі тұнбасын микроскоппен зерттегенде көретіндеріміз - бірен-саран лейкоциттер мен эпителиальді торшалар, ал қарынның қілегейлі қабығы қабынғаңда жаңағы айтылған торшалар кебейеді, сонымен бірге эритроциттер болуы мүмкін. Қарын сөлінде НСІ аз немесе болмай қалса, тұнбада әртүрлі сүтқышкылды ашыту таяқшалары және сарциндер болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |