«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Тік ішек арқылы зерттеу (ректальды)



бет63/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Тік ішек арқылы зерттеу (ректальды). Жылқыны тік ішек арқылы зерттеу үшін әуелі оның артқы тесігінің (анус) сфинктерінің қысылу дәрежесін, сол ішектің нәжіске толу-толмауын және оның физикалық касиеттерін, сонымен қатар кілегей қабығы мен ішектің ішкі қабырғасының жағдайын анықтау керек. Сонан соң барып, кіші жиек ішегін сипап зерттеу арқылы, оның қозғалу қасиетінжәне ондағы нәжістің жағдайын анықтайды. Ал үлкен жиек ішектің астыңғы және үстіңгі жағының орналасқан орны, сол жақ мықын тұсы мен жамбас қуысының ішкі бетінде. Негізі сау жылқылардың үлкен жиек ішегін сипағанда ол қамыр сияқты болып тұратыны белгілі.
Бүйен ішекті малдың оң жақ мықын тұсынан зерттейді, оның ішіндегі ішек жынының консистенциясы қамырға ұқсас, ал оның бас жағы газға толып тұрады. Аш ішектің негізгі орны малда бүйен мен үлкен жиек ішек арасы ортасыңда және сол жақ құрсақ қуысы үсті мен ортаңта бөлігінде тұзақталып жатады. Сипау әдісі арқылы аш ішек көлемінің ұлғаюы мен ауырсынуын анықтаймыз. Тік ішек арқылы зерттеу кішілеу жылқыларда, құрсақ пен жамбас қуысында орналасқан ағзаларын, оның ішінде қарынның үлкеюін, бүйрек және көк еттің күйін білеміз.
Сонымен қатар, тік ішек арқылы зерттеу: мысалы іштің бұрап,шаншып өтетін ауруларын, бүйірдің шаншуын, көк еттің бұзылуынжәне нашарлауын, лимфа бездерінің үлкеюін, әртүрлі ісіктердің болуын, т.б. көптеген ауруларды анықтауға мүмкіншілік береді.
Ректоскопия (тік ішек арқылы қарау).Ректоскопияны жылқыға
қолдану ірі қара малдарға жүргізгендей. Бірақ бұл әдісті пайдаланбас бұрын, тік ішекті нәжістен тазартады, сонан соң тексеру жүргізіледі.
Ішекті тесу арқылы зерттеу. Ондағы мақсат ішектен ішек; жынын алу, ішекті тесу арқылы оның бітеліп қалуын және әртүрлі ауруларды айырады. Ішекті тесу орнын тік ішек арқылы сипап анықтайды.
Шошқа ішектерін зерттеу. Шошқаның ащы ішегін зерттеу көбінесе оң жақ қапталында жүргізіліп, сонымен қатар, сол жақ бетінің теменгі тұстарын қарау, сипау, тындау және перкуссиялау әдістерін пайдалана отыра тексеріледі, ал тоқ ішегін зерттегенде көбінесе сол жақ бетіне мән береді, өйткені ол осы айтылған ішектердің өзара орналасуына байланысты. Жүдеу шошқаларды және торайларды сипау әдісімен зерттегенде, олардың ішек-қарын, тоқ ішек жынының артқа қарай жылжымай, тоқтап қалуы (капростаз), шошқаның індет аурулары (туберкулез, оба), ішектің бір сегментінің екінші сегментіне шажырқайымен кіруі (инвагинация) ауруларында анықтауға болады.
Ішектің кебуі (желдену) кезінде екі жақ бүйірлерінің томпаюы пайда болады; егер сол жақ бүйірі томпайып тұратын болса, онда тоқ ішегінің кепкені, ал оң жақ бүйірі томпайса, онда ащы ішектің кепкені немесе желденгені болып есептеледі. Сақа,қонды малда сыртқы зерттеу әдістері нәтиже бермейді, өйткені шошқаларды ұстап тұру қиынға соғады және олар тынымсыз. Сонымен қатар, оның қабырғасының қалыңдығы,қоңдылығы белгілі бір кедергілер туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет