«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет64/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Ет қоректілердің ішегін зерттеу. Ет қоректілердің кұрсақ қуысы көлемі кішкентай болғандықтан, оның құрсақ қабырғасы, жұқа, нәзік, сондықтан ішекті сыртқы зерттеу әдісімен ішіндегі жынын сипайды, өйткені осы әдіс көмегімен ішектің толуын, ішек жынының консистенциясын және ішектердің сезімталдығын анықтауға мүмкіншілік туады. Сол себептен көптеген ауруларды анықгауға және білуге оның маңызы зор, соның ішінде төмендегі ауруларды: тоқ ішек жынының артқа қарай жылжымай тоқтап қалуы (капростаз), ішектің айналып кетуі (инвагинация), әр түрлі қатерлі ісіктер, ішектерде бөгде заттардың болуын анықтауға болады, т.б. Мұңдай кезде екі қолмен екі жағын сипап анықтау көп нәтиже береді. Сонымен қатар жалпы және арнайы зерттеу әдістері қолданылады: ішектерді зерттеу үшін, мысалы арнайы аспаптар қолдану, соның ішінде рентген сәулесімен ағзаны тексеру, қарау және түсіру (рентгенография, рентгеноскопия); тік ішек қуысын тексеру (ректоскопия); ішекті тесу және тексеру (пункция); арнаулы жарық түсіргіш аспаптармен (эндоскопия), құрсақ қуысын сынама жарып қарау (лапаротомия).
Нәжіс бөлу процесін зерттеу үшін ет қоректілер күніне қанша нәжіс бөледі, оның көлемі және пішіні қандай, қоспасын т.б. анықтауға көңіл бөліп, мән береміз. Қалыпты жағдайда тәулігіне 1-2 рет нәжіс бөледі, пішіні цилиндр тәріздес.
Ет қоректілер ішегін зерттеу әдісі тік ішек арқылы жүргізіледі, ол саусақпен орындалады. Бұл әдіс тік ішектің кілегей қабығы мен жынының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіншілік береді.
Құс ішегін зерттеу. Құс ішегін оның анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты тек қана сипау әдісімен зерттейді. Сондықтан осы айтылған әдісті пайдалану үшін, әуелі оның оратылып жатқан ішектерінің орнын анықтап, сонан соң барып зерттеуді бастау керек. Оның орналасқан орны соңғы қабырғалардың оң жақ артында, артқы тесік тұсында. Негізінен сау құстың ішегін сипағанда ол өте жұмсақ болып көрінеді, ал шектен тыс нәжіс жиналып қалатын болса, онда сипағанда сәл тығыздау болады.
Нәжісті зерттеу. Әуелі нәжісті зерттеу үшін, нәжіс бөлу кезінде оны жинап алу керек. Ол үшін нәжіс құрамында ешқандай несеп және қынап бөлінділерінің қоспалары болмауы керек. Жинап алынған нәжісті арнайы таза шыны ыдысқа салып қояды. Нәжісті алу және жинар кезде нәжіс мөлшерін, оның түр-түсін, сыртқыпішінін анықтайды. Егер жинауға мүмкіншілік болмаса, онда тік ішек арқылы ішектен қолмен алынады, ол үшін арнайы резинадан жасалған қолғап кию қажет. Нәжісті бактериялық зерттеу үшін, нәжіс тік ішектен арнайы резинадан жасалған диаметрі 0,4-0,5 смкатетер түтікшесімен алады. Негізінен тексеру, тек қана жаңа бөлінген нәжісті зерттеу арқылы жүргізіледі, егерде мүмкіншілік болмаса онда 2°- 4° суықта 12 сағатқа дейін сақтайды. Ал жаз айларында тексеру қиындыққа соғады, сондықтан ол 1 сағат көлемінде зерттеліп бітуі керек.
Ауруларды диагностикалау мақсатында нәжіске макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық және бактериялық зерттеулер жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет