«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет61/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Тік ішек арқылы зерттеу. Сиыр малында мұндай зерттеу әдісі негізінен белгілі бір ауру өзгешелігін және жергілікті процесін анықтау үшін жүргізіледі. Тік ішекті зерттеу арқылы құрсақ және жамбас куысы ағзаларының формасын, көлемін, тұрған жерін, сезімталдығын, сонымен қатар ішектің жиырылуын, ішек қарын жынын және жынға толу дәрежесін анықтайды.
Зерттеу алдында жақсылап байлап ұстап тұрып, жылы сумен құйрығын және артқы тік ішек айналасын жуады. Сонан соң зерттеуші қолын жылы сумен сабындап жуады да, сыртынан вазелин жағады немесе арнайы полиэтиленді қолғап киеді. Тік ішекке қолды жаймен абайлап және айналмалы қозғалыспен кіргізеді. Бұл кезде малға өте қатты көңіл бөлінеді, өйткені егер мал тынышсызданса немесе кинала бастаса, зерттеуді дереу тоқтатып, сонан соң қайтадан бастау керек. Тік ішек арқылы зерттеу негізгі екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Алдымен беткейлі зерттейді, бұл кезде нәжіс шығатын жерді, яғни артқы тесік (анус) сфинктерінің жиырылу күшін және қаншалықты нәжістің барлығын, толуы мен оның кілегейлі қабығының жағдайын (температурасын, бүтіңдігін, құрғақтығын), қуық, жатыр мойны маңын, мықын артериясының, жамбас сүйегінің бүтіндігін, сонан соң қолмен нәжістің аздаған бөлігін сыртқа шығарып, оның қасиеттерін анықтайды. Мұнан кейін асықпай терең зерттеуге кіріседі, бірақ ол үшін тік ішектен барлық нәжісті шығарып тастау керек. Терең түрде зерттегенде құрсақ қуысының сол жақ қапталында мес қарын, оның жоғарғы жағында іші толған ауа мен газдар орналасқан, ал мес қарынның төменгі жағында әлі қорытылмаған азықтар жатады. Құрсақ қуысының оң жақ қапталының жоғарғы бетінде диск түріне сәйкес тоқ ішек, ал төменгі жағында аш ішектер орналасқан. 3-5 - бел омыртқа аралығындағы сол бүйректі сипалауға болады, омыртқа астында құрсақ қолқа тамыры бар.
Тік ішек арқылы зерттеу көптеген ішек, қарындарда болатын өзгерістерді уақытысында анықтауға мүмкіндік береді, сондықтан бұл әдістің клиникалық практикада мәні зор.
Мысалы: Ішектің айналуы, ішектің өзара қатпарласа айналуы, ішектердің өзара бір бөлігінің екінші бөлігіне кіруі, соның әсерінен ішектердің бітеліп қалуы, ішектің ішекке кіруі, ішектердің әркелкі жиырылуынан-ішек қабынуы, шектен тыс ауаға және газға толуы, сонымен қатар ішекте ісіктің пайда болуы т.б. Соған қоса диагностикалық өте маңызды ішек-қарынның өзгеру ерекшеліктері мен көрсеткіштері бар, оған жататындар: нәжістің ішекте тұрып қалуы, ішектердің бір-бірімен және тұсындағы бөтен ағзалармен жабысып қалуы, құрсақ қуысында сұйықтың пайда болуы, мес қарында азықтың көп болуы және ұлтабардың ығысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет