«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Нәжістегі энтерекиназа және сілтілі фосфатаза ферменттеріні



бет69/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Нәжістегі энтерекиназа және сілтілі фосфатаза ферменттерініңбелсенділігін анықтау. Шлыгин, Фомин және Михлин әдістері. И.В.Никишиннің айтуы бойынша нәжісте болатын ферменттер белсенділігін анықгаудың диагностикалық маңызы бар, өйткені ол ішек қызметінің бұзылуын көрсетеді.
Бактериоскопиялық зерттеу. Нәжістің бұл зерттеу әдісі салыстырмалы түрде анықтау үшін керек. Грамм әдісімен боялған жұғыңдыдан анықтайтынымыз, микрофлораның оң грамды, теріс грамды қатынастарын білу. Жаңа туған сау бұзау мен торайлардың оң грамммикрофлорасы - 60-70-90 %, ал теріс грамм микрофлорасы - 40-30-
Мал жәй диспепсияға шалдыққанда оның оң грамды
микрофлорасы - 50-80 % дейін, ал уытты диспепсияда - 80-90 % дейін көбейеді, соған қарама-қарсы теріс грамды микрофлора да азаяды (А.М.Смирнов, В.П.Подкопаев, В.П.Лаухин және т.б.). Люголь ерітіндісімен боялған жұғынды йодофилді микробтың түр-пішіні және түсі мынадай: көк, көкшіл-қара және қара түсті. Ал саңырауқұлақтар ашытқысы (дрожжевые грибки) - сары және қоңыр - сары болып келеді. Негізінен йодофильді флораның көп болуы қанттың дұрыс қорытылмай, сіңбей қалған уақытында кездеседі, сонымен қатар ішекте шектен тыс ашу процесі
күшейгенде байқалады.
Ашытқыш торшалардың саны көбінесе мал ауруға шалдыққан кезде, соның ішінде кандидомикоз және дисбактериоз ауруларында кездеседі.
Бауырды зерттеу
Сабақтың мақсаты: малдың бауырын жалпы және арнайы зерттеу әдістерін игеру, бауырды функциональды зерттеу әдісін игеру.
Қажетті құрал-жабдықтар: плессиметр, перкуссиялық балғашық, лапароскоп, биопсияға арналған троакорлар, өлшеу колбалары, пробиркалар, реактивтер (1 % күкірт қышқылды мыс ерітіндісі, күкірт қышқылды натрий, нейтральді формалин).
Жануарлар: сау және ауру сиырлар, жылқылар және иттер.
Бауырды клиникалық әдіспен зерттеу. Бауырды зерттеу - қарау, пальпациялау және перкуссиялау әдістері арқылы жүргізіледі. Кейбір уақыттарда микроскоп арқылы зерттейді, ол үшін тірі мал денесінен ұлпа немесе ағза бөлігін алу үшін арнайы биопсия жасайды. Негізінен бауырды зерттегенде, сонымен қатар бөтен ағза мен жүйелерді бірге тексеру көптеген керекті мәліметтер береді, өйткені бауырдың зақымдануына және өзгеруіне байланысты бұл кезде денеде әртүрлі белгілер байқалады, мысалы: малдың көзге көрінетін кілегейлі қабықтары сарғаяды, тері өзгерістеріне және жүйке тамыр ауруларына шалдығады. Бірақ мұндай әдістермен зерттеу барлық малда әртүрлі клиникалық белгілер береді, сондықтан оның өзара ерекшеліктері болады.
Күйіс қайыратын малда бауыр көк етке жанамалап, құрсақ қуысының алдыңғы жағына орналасқан. Оның тұрған жері негізінен малдың оң жақ қапталының 8-қабырға аралығы ортасында және омыртқа жотасының соңғы қабырғасына дейін жетіп жатады, ал бауырдың артқы жақ беті өкпе тұсын алып жатыр, кеуде қуысы қабырғаларына жанамалай орналасқан, сондықтан оны зерттеу ыңғайлы.
Қарау арқылы бауырдың оң жақ қапталының томпайып өзгеруі бауырдың шектен тыс үлкейгенінен болады.
Бауырды пальпациялау әдісімен тексеру үшін, оның оң жақ қабырға аралығының кұрсақ қуысы үстін саусақпен басып көру арқылы жүргізіледі. Құрсақ қуысы қабырға аралығын сипау арқылы бауырдың өзгеру белгілерін анықтайды,егер бауыр үлкейген болса, онда ол соңғы қабырға аралығынан артып тұрады. Сипап көру арқылы бауырдың көлемін, сезімталдығын, консистенциясын, сонымен қатар оның басқа де өзгеру қасиеттерін анықтайды.
Бауырдың үлкеюі негізінен мына ауруларда байқалады: нефрозда, лейкозда, фасциолезде және бауырдың ішкі кілегей қабығы қабынғанда; бауырдың үстіңгі беті өзгеріске ұшырағаңда; бетінің бұжырлануы туберқулезде, нефрозда, эхинококкозда; ал сезімтаддығының күшеюі-бауырдың қабыну кезінде, абсцесстерде кездеседі.
Бауырды перкуссиялау арқылы оның орналасу шекарасы мен сезімталдығын және одан шыққан сәл сыздаған дыбысты анықтаймыз.
Сиырда бауырдың бәсеңдеу дыбысы-малдың оң қапталы үстіңгі бетінің 10,11 және 12-қабырға аралығында байқалады да, төрт үш бұрышты форма құрайды. Жоғары шекарасы - малдың бүйректік бәсендеу дыбыспен қосылып жатыр, ал артқы шекарасы - соңғы қабырғадан төмен мықын бүйіріне дейін, сонан соң төмен 10-қабырғаға дейін шектесіп жатады.
Қой мен ешкіде бауырдың бәсеңдеу дыбысының естілетін орны, оң жақ қабырғадан 12 - қабырға аралығында байқалады. Кейбір ауруларда бауыр үлкейгенде оның шекарасы 13 - қабырга аралығына дейін жетіп, 12 - қабырғаға дейін мықын сызығынан төмен орналасады, ал 10 - қабырға аралығында иық - жауырын сызығынан төмен орналасады. Сонымен қатар ұлғайған бауырды перкуссия кезінде ауырсынуын байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет