«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет71/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Бауырды функциональды зерттеу. Бауыр тікелей немесе жанама жолмен барлық зат алмасу процесіне қатысады. Бауыр ауырған кезде немесе қызметі бұзылғанда соған сәйкес барлық басқа жүйелер де өзгереді. Сондықтан бауырды зерттегенде ең көңіл бөлетін нәрсе биохимиялық зерттеу болып табылады, соған қарап бауырдың қызметінің бұзылғанын немесе организмнің сау екенін анықтауға болады. Сонымен бауырды функциональді зерттеудің практикада клиникалық маңызы зор.
Пигменттік зат алмасу. Бауырдың пигменттік қызметін анықтау үшін малдың бауырында болатын жалпы билирубин пигментін анықтау керек, сонымен бірге тура немесе тура емес билирубин, қан құрамында жалпы билирубиннің көбеюі, сарғаюдың күшейе түскендігін көрсетеді, ал оның фракциясын анықтау-сары аурудың түрлі формаларын білу. Осы мақсатпен несепте билирубинді анықтайды.
Белок алмасуы. Бауырдың белокты шығару қасиетін анықтау үшін онда белоктың жалпы мөлшерін және белоктың фракциялық қатынасын, сонымен қоса амин қышқылдарын т.б. бар екенін білу қажет.
Осыларды клиникалық практикада анықтау үшін Постниковәдісі, Токота-Ара, Вельтмона және т.б. әдістер қолданылады.
Күкірт қышқылды мыс сынамасы-Постников әдісі. Алдыменреактивтер дайындалады. Ол үшін өлшейтін шыны сауытқа 0,5 кг, кристальды натрий сульфатын салып, оны суда ерітіп,оған 7 мл 1 %мыс сульфаты ерітіндісін қосып, осы айтылған ерітінділерге 100 млболғанша су толтырамыз. Сонан соң пробиркаға 1 мл қан сарысуын құйып, оған бюреткадан 3 тамшы реактив қосамыз да, оныжақсылап араластырып шайқаймыз. Реактивті ерітінді қашанлайланғанша араластырамыз.
Сынаманы салыстырмалы түрде анықтау үшін төмендегідей мәліметтерін білу керек, реакция былай саналады:
- теріс - егер 1 мл сары судың лайлануына 2,1-ден 2,3 мл реактив кетсе;
- оң әлсіз - егер 1 мл сары судың лайлануына 1,86-2,08 млреактив шығын болса;
- оң - егер 1 мл сары судың лайлануына 1,76-1,85 реактив кетсе.
Бауыр ауруларының көбінде кездесетін жайлар:
- жалпы белок мөлшерінің азаюы (гипопротеинемия);
- белоктың фракциялық қатынастарының өзгеруі(диспротеинемия);
- альбумин мен глобулин коэффициентінің азаюы, ол негізінен альбуминнің шектен тыс азаюына байланысты, соның себебінен А/Г коэффициенті азаяды.
Мұндай барлық өзгерістер жалпы белок пен оның фракцияларын қан сарысуын тексеруден өткізген кезіңде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет