«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет74/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Тік ішек арқылы тексеру. Жылқы бүйрегін тік ішек арқылы тексеру алдыңғы аяғын көтеріп немесе құлағына, жоғарғы ерніне бұғау салу арқылы жүргізіледі. Ал асау малды арнайы арналған жабдықтарға мықтап байлап қояды. Бүйреісті сипау әдісінің техникалық зерттеу барысы ірі қара малдағы сияқты жүргізіледі. Жылқының сол жақ бүйрегі соңғы қабырға мен 3-4-беломыртқаның көлденең өсігіне дейінгі аралықта орналасқан.
Ірі жылқыда сол жақ бүйрегінің тек артқы шеті ғана сипауға келеді. Оның сырт пішіні доға тәріздес келеді. Онша ірі емес малда оң жақ және сол жақ қабаттарының, бүйрек лоханкасын және бүйрек артериясын сипалауға болады. Жылқының оң жақ бүйрегін тек үлкен емес малда ғана, онда да артқы бөлігі 2-3 беломыртқаның көлденең өсігі аумағында, оң жағында сезіледі. Дені сау жылқыда бүйректің жоғарғы беті жылтыр, тығыз, ауырмайды және аз қозғалады.
Шошқаның бүйрегі 1-4 беломыртқаның көлденең өсігі астында орналасқан. Бүйректі сырттай сипалау тек арық малда қолданылады, ал етті шощқада бұл тәсіл қолданылмайды. Қой-ешкі бүйрегін малды түрегелтіп, екі қолмен сипалайды. Қой- ешкі бүйрегін сырттай сипалаудың техникалық әдісі мынадай, екі қолдың үлкен саусағын мал беліне қойып, қалған саусақтарды топтастырып, соңғы қабырғадан кейінгі құрсақ қабырғасын екі қол саусағы көмегімен біріне-бірін қарсылатып, ішке қарай бағыттайды.
Көкірек қаңқасын көрсетілген әдіс бойынша сипалап, малдың оң және сол жақ бүйректерін табуға болады. Дені сау қойда және ешкіде бүйректің жоғарғы беттері жылтыр келеді. Бұзау және құлын бүйректері үлкен малдың құрылысындай.
Иттің бүйрегін негізінде түрегеп тұрғанда зерттеген қолайлы. Олардың да бүйрегін екі қолмен тексереді. Сол жақ бүйрегін солжақ аш бүйірдің алдыңғы бұрышында, 2-4 беломыртқа астынан, алоң бүйректі 1-3 беломыртқа астынан табуға болады. Малдыңбүйрегі зақымдалған кезде оның көлемінің үлкейгенін немесекішірейгенін жоғарғы беттерінің өзгеруін, қозғалысының
шектелгенін, сезімділігінің жоғарылағанын сипау арқылы білугеболады. Бүйрек көлемінің үлкеюі лейкозда, ісіктерде,гидронефрозда, паранефритте, интерстициальді нефриттебайқалады.Бүйрек көлемініңкішіреюіасқынған
гломорулонефритте, солған бүйректе кездеседі. Бүйрек бүлкілі ондағы жиналған іріндерге байланысты, ол осы мүшелердің жоғары тұсында кішкене томпақ болып байқалады.
Бүйректің жоғарғы қабатының өзгеруі ондағы ісіктерге,
асқынған қабыну құбылыстарына байланысты, көбінесе бүдірленіп келеді. Бүйрек қозғалысының шектелінуі оның айналасындағы ұлпалармен бірігуіне байланысты. Бұл көбінесе перитонитпен паранефритке байланысты. Бүйректі сипау кезіндегі ауырсынуы пиелонефритте, паранефритте және куықта тас байлану ауруларында кездеседі.
Ірі малда бүйректі тексеру перкуссиялау арқылы, ал кіші малда дигитальді әдіспен жүргізіледі. Дені сау малды перкуссиялаған кезінде бүйрек байқалмайды, өйткені бүйрек құрсақ қабырғасына тақалмайды.
Ауру малда бүйрек көлемі бірден үлкейетіндіктен (паранефрит, пиелонефрит, гидронефроз) бұл тәсілді қолданған кезде бүйрек орналасқан жерде үнсіз сыбдырлы дыбысты байқауга болады. Ірі мал бүйрегін тексеру оны теңселту арқылы жүргізіледі, бұл тәсілде сол қолдың алақанын бүйрек орналасқан бел тұсына қояды, ал оң қолдың жұдырығымен алақан үстіне жайлап ұрады. Дені сау малда бұл кезде ешқандай ауырсыну белгілері байқалмайды. Паранефритте, бүйрек қабынғанда және тас байлану ауруларында теңселткенде ауырсынулар байқалады.
Диагностикалық мақсатпен мал бүйрегіне биопсия жасау өте сирек қолданылады. Бүйректің түйіршіктей тканін арнайы жасалған құрал көмегімен (ине және соратын шприц) немесе троакармен алады. Құрсақ қабырғасын тесу үшін малды байлап, оның құрсақ қабырғасын сол немесе оң жақ аш бүйірдің бүйрек орналасқан жерінен теседі. Алынған бүйрек түйіршігінде морфологиялық өзгерістер бар-жоғын анықтау мақсатымен гистологиялық тексеру жүргізеді. Кейде бүйрек тканіндегі микрофлораларды анықтау үшін бактериологиялық анализ де жасалады.
Малдың бүйрегін функциональді тексеру көбінесе бөлінген несеп санын анықтайтын тәсілдерге және оның салыстырмалы тығыздығына негізделген, сондай-ақ индигокармин сынағы қолданылады (К.К.Мовсум-Заде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет