Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер.
Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары. К.Н. Қожанов. Семей 2005ж.
Ауыл шаруашылық малдарының жұқпайтын ішкі аурулары. Құрбанов С., Мамбетали О.Д., Құрбанова К.С. Шымкент, 2010 ж
Малдың ішкі жұқпалы емес және инвазиялық аурулары. Тулеметова С.Е. Шымкент 2012ж
Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. М. Қожабаев, Ш.М Қаратаев. Шымкент 2006ж
Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных . Курбанов С., Курбанова К.С. Шымкент 2010г
Внутренные болезни животных. Г.Г. Щербаков Москва. 2006г
Ветеринариялық клиникалық диагностика. Оқу құралы. Құрастырған М.А.Молдагулов. Алматы: Мерсал, 2004 г.
Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы. М.А.Молдагулов. Алматы,2007
Қосымша әдебиеттер
1. Внутренние болезни животных. Г.Г.Щербаков, А.В.Коробов. Санкт-Петербург,
2005 г.
2. Внутренние незаразные болезни животных. И.М. Карпутя Минск «Беларусь» 2006г
3. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных Животных. Под редакцией профессора В.И. Зайцева М. 1971 г.
№11 дәрістік сабақ.
Тақырыбы: Арнайы зерттеу: несеп бөлу жүйесі. Зерттеу әдістері: катетор енгізу, рентгенография және флюрогрофия жүргізу.
Несеп шығаруды және несеп жүйесі ағзаларын зерттеу
Сабақтың мақсаты: несеп шығаруды зерттеу тәсілдерін үйрену,бүйректі көру, сипау және перкуссия жасау жолдарымен зерттеудебасқа арнайы тәсілдерді қолдануды игеру, несеп түтігін, уақыты және уретраны зерттеу тәсілдерін үйреніп, практикада қолдану.
Қажетті құрал-жабдықтар: еркек және ұрғашы малдарға арналған катетерлер, цитоскоп, қынап айнасы және акушерлік қолғап.
Жануарлар: сиыр, жылқы, қой және иттер.
Несеп шығаруды зерттеу. Несеп шығаруды зерттеген кезде алдымен малдың несеп шығарған кездегі кейпіне, оның бөліну санына және уақытына көңіл бөлу керек.
Малдың несеп шығару кездегі кейпі оның жынысына және түріне тікелей байланысты болады. Дені сау өгіз, қошқар, текелер несеп шығарар кезде сыртқы кейпін өзгертпейді. Несеп бұларда жіңішке түтіктен аққан тәрізді болып бөлінеді.
Айғырлар несеп шығарған кезде артқы аяқтарын талтайтып азғана отырыңқырайды. Олардың несеп ағыны күшті, соңғы қалдықтары құрсақ еттерінің жиырылуымен байланысты бөлініп-бөлініп ағады.
Торайлар зәр шығарғанда несепті бөліп-бөліп шығарады, бұл кезде күпек пен құрсақ еттері жиырылады. Еркек иттер несеп нүктесінің маңына тоқтап несеп шығарады. Ұрғашы иттер несеп шығарған кезде тоқтап кішкене отырыңқырайды. Оларда несеп еркек иттерге қарағанда тез бөлінеді. Несеп шығару саны қалыпты жағдайда мал түріне байланысты болады. Ірі қара мал тәулігіне 10-12 рет несеп бөліп шығарады. Қойлар, ешкілер, иттер 3-4, шошқа 5-6, жылқылар 5-8 рет шығарады. Күндізге қарағанда тунде несеп шығару сирек бөлінеді. Ауру малда несеп бөлінуінің жиілеуі немесе сиреуі, кейде мүлдем тоқталуы немесе несептің тоқталмауы байқалады.
Поллакизурия (поллакиурия) деп несептің шектен тыс көп бөлінуін айтады. Бұл жайлар әдетте төменгі несеп жолдарының қабыну ауруларында, мысалы асқынған циститте байқалады.
Несептің әдеттегіден сирек бөлінуі-олигакизурия-несеп бөліну аралықтарының ұзақ уақытқа созылуымен сипатталады. Жалпы мұндай өзгерістер мал көп терлегенде, іші өткенде, жұтыну қабілеті бұзылғанда, ауыз су жетіспегенде кездеседі.
Несептің қуықта бөлінбей шықпай қалуын ишурия дейді, бұл өзгеріс мал қуығындағы несепті сыртқа шығаруына мүмкіншілігі жоқ болуымен сипатталады. Ол сфинктердің қысылуынан немесе куықтың салдануынан, уретраның бітеліп немесе тарылып қалуы салдарынан болады.
Несебі тоқтамауы-энурезис деп аталады, бұл жағдай несептің өзінен-өзі белінумен сипатталады, мал еркінсіз және олардың бұл кезде несеп шығару кейпіне келмегеніне қарамай бөлінеді. Энурезис-жұлынның сакральды бөлігі зақымдалуы салдарынан пайда болады. Кебінесе бұл жағдай жұқпалы аурулардың және әртүрлі жағдайда алынған зақымдар салдарынан туады.
Несепті ауырсынып шығару странгурия-несептің тамшыланып белінуімен және ауырсынуымен байқалады. Странгурия қуық ауруларында (цистит, ісіктер), несеп шығару каналдары қабынғанда, еркек малда жыныс бездері ауруларында кездеседі. Несеп шығарардағы малдың ауырсыну кейпінің өзгерісі -тенезм деп аталады. Мұндай өзгеріс ауырсыну кейпі көбіне тынжытас (мочекаменный) қуықта тас жиналу кезінде байқалады.
Бүйректі зерттеу. Малдәрігерлік практикада бүйректі зерттеу кебінесе қарау, сипалау және перкуссия жасау тәсілдерін қолдана отырылып жүргізіледі. Бірақ несептің лабораториялық зерттеу қорытындыларына өте көп көңіл белінуін керек етеді.
Бүйрек ауруларына сезіктенген малды жалпы қарау тәсілімен зерттегенде оның халінің өте ауыр жағдайдағы сатысы анықталады.
Бүйректің ауыр зақымдалған жағдайы, мал қимылының бәсеңсігенінен, олардың амалсыздан тұрған кейпінен (күжірейіп,артқы аяқтарын артқа созып, амалсыз жатуы т.б.), мең-зең болуынан, дірілдеуінен байқауға болады. Қарау кезінде терінің жағдайына және тері асты майларына көңіл бөлу қажет, өйткені қатты ауру кезінде, яғни ауыр нефрозда, гломерулонефритте, амилойдозада сулы ісіктер білінеді. Олар көбінесе жақ аралық кеңістікте, қолтықта, іштің төменгі жағында, желінде, жыныс мүшелерінде және аяқтарында байқалады.
Бүйректі сипау тәсілімен зерттеу кезінде оның орналасуын, сырт пішінін, көлемін, консистенциясын және сипау кезіндегі сезімділігін анықтауға болады. Бұл мезгілде тік ішекке енгізу арқылы, ішкі және сыртқы сипау тәсілдерін қолданады. Сипалау тәсілі әдістерін қолдану мал түріне байланысты. Ірі қара мал бүйрегін тексеру үшін сырттан және іштен сипалау тәсілі қолданылады. Сырттай сипалауды бұзауларда және азған малда қолдануға болады. Бұл кезде тексеруге тек оң бүйрек қана ыңғайлы. Оны саусақтардың жиналып бірге топтасқан ұшымен, құрсақ қабырғасының оң аш бүйіріндегі 1, 2 және 3 - омыртқасының көлденең өсінді астын қатты басу жолымен сипап сезеді.
Дені сау малда мұндай сипау кезіңде ауырсыну білінбейді. Ірі қара малда бүйректі сырттай сипау кезінде ауырсыну пиелонефритте және паранефритте байқалады. Ірі қара малда бүйрегін іштей сипалау тәсілімен зерттеу тік ішек қабырғасы арқылы тұрған немесе арнайы жабдықта бекітілген кезде жүргізіледі. Сипалау тәсілін жүргізу алдында зерттеуші оң немесе сол қолына полиэтиленнен жасалған, сырты вазелинмен майланған қолғап киеді. Осылай дайындалған қолды тік ішекке енгізіп, абайлап алға қарай сол жақ бүйрекке дейін жылжытады. Оны дені сау малда 3-5 беломыртқа астынан табады. Оң жақ бүйрегі 4 қозғалғыш, оны саусақтарымен ұстауға, сипауға болады және оның(сырт майында) бүйрек артериясын сезуге болады. Онша үлкен емес сиырларда қолды тереңірек енгізген кезде оң бүйректің артқы бүйірін сезуге болады. Ол 2-3 беломыртқаның көлденең өсігінің астында орналасқан.
Дені сау ірі қара мал бүйрегін тік ішек қабырғасы арқылы сипаған кезде бұл мүшелердің құрылысы бөлім-бөлім екені сезіледі. Олар сипағанда тегіс, жұмсақ және жеңіл, ұстағанда ауырсынбайды.
Сол жақ бүйрегі алға қарай да, оңға да, солға да жеңіл жылжиды. Оң жақ бүйрек аз қозғалады.
Жылқыда құрсақ қабырғасының қатты керілуіне байланысты бүйректі сырттай сипау тәсілімен зерттеуге мүмкіндік жоқ. Бұл жағдайда өте бағалы нәтижені, бүйректі іштей сипау тәсілімен жүргізгенде алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |