Зимницкий байқау сынағы. Малды тәулік бойына күнделікті берілетін азық мөлшерімен ұстайды, су беруді шектемейді. Табиғи бөлінген несепті арнайы қабылдағышқа жинап, мөлшерін, салыстырмалы тығыздығын, ондағы хлориді құрамын анықтайды. Бақылауға алған көрсеткіштердің шекарасы үлкейген сайын, бүйректің жұмыс істеу қабілеті де жақсы екендігін білдіреді. Дені сау ірі қара малда ішкен суына қарағанда жалпы диурез 23,1 %, хлорид құрамы - 0,475 % болады. Бүйректің функционалді жетіспеушілігінде несептің салыстырмалы тығыздығы төмендегені байқалады-гипостенурия, көбінесе полиуриямен сәйкестелініп келеді.
Сумен жүктеп байқау сынағы. Малға таңертең аш қарынға,қуығы босағаннан кейін, зонд арқылы бөлме температурасыменсәйкес су жібереді. Сиырларға су мөлшері 1 кг салмағына 75 мл, сонан соң 4 сағат өткеннен кейін құрғақ азық береді. Рацион құрамынан суды келесі күнге дейін тоқтатады. Байқау уақыты біткенше несеп қабылдағышқа несепті жинайды, содан соң оның мөлшерін, салыстырмалы тығыздығын анықтайды. Дені сау сиырларда несеп шығарылуы жиіленіп, несептің салыстырмалы тығыздығы төмеңдейді (1,00 г-1,003 г), байқау басталғаннан бастап 4-6 сағат ішінде жүктеп жіберілген судың - 33-60 %, ал қалған тәулікте 10-23 % сыртқа шығарылады. Жалпы диурез көлемі 48,5 %-дан 76,7 % дейін жетеді. Ауру малды сумен жүктеп байқағанда бүйректен судың көп бөлініп шығуы бүйрек каналдарының зақымданғанын, ал судың бөлінбей организмде тоқтап қалуы ұлпасының зақымдалғанын білдіреді.
Концентрациялық байқау сынағы. Малды 24 сағат бойы сусыз ұстайды. Табиғи несеп шығарған кезінде несепті жинап, оның салыстырмалы тығыздығын анықтайды. Дені сау ірі қара малда байқау басталған күні несеп шығаруының 1-4 есе азайғаны байқалады, диурез 1-4 литрге дейін азаяды, 8-19 мм бөлігінде салыстырмалы тығыздығы жоғарылайды. Бүйректегі каналдардың жұмысы бұзылғанда бұл көрсеткіштер ауытқығаны белгілі болады.
Индигокарминмен байқау сынағы. Малға индигокармин салардан бұрын 5-6 сағат су беруді тоқтатады. Қуыққа арнайы қолданатын катетер енгізеді, ол арқылы бірнеше миллиметр несеп алынып, бақылау үшін пробиркаға құяды. Бұдан кейін сиырвенасына индигокарминнің 4 % ерітіндісін 20 мл мөлшерінде жібереді, сонан соң катетер аркылы 5 минуттан кейін байқауға несеп алады, одан кейінгілерін 15 минут аралығында алады. Денісау малда бүйректен 5-11 минуттан кейін несеп баяу бөлінебастайды. Несептің бояулануы 20-минуттан бастап, 1 сағат 30 минут аралығында күшейе бастайды. Ал 1 сағат 58 минуттан 4 сағат аралығында байқау басталғаннан бастап, индигокарминнің несепте ізі ғана қалады.
Бояғыштың бөлінуі бүйрек жұмысының, бүйрек қан айналымының бүйрек лоханкасынан несептің ағуы несеп түтігі істен шыққанда өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |