«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет83/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Несептегі альбумозды анықтау. Несептегі альбумозды анықтау мақсатымен биуретов реакциясын және сульфосалицилді қышқылмен байқау қолданылады.
Биуретов реакциясы. 3 мл қышқылданған несепке 1 мл қаныққан хлорлы натрий ерітіндісін қосады. Қосынды ерітіндіні қайнатады, сонан кейін ыстық күйінде сүзеді. Сүзіндіге 1/2 көлемінде натрий гидроокисі концентрленген ерітіндісін және бірнеше тамшы мыс сульфатын қосады. Егер несепте альбумоз болса, онда қызғыш күлгін түс пайда болады.
Сульфосалицильді қышқылмен байқау. 2-3 мл несепке 5-6 тамшы 20 %
сульфосалицильді қышқыл ерітіндісін қосады. Егер несепте альбумоз болса, онда жеңіл қыздырған пробирка ішінде жоғалып кететін лай пайда болады. Альбумоздар несепте іріңді нефрозды құбылыстарда, төлдегеннен кейінгі уақытта, клеткалардың ыдырауын күшейтетін ауруларда пайда болады.
Несептегі қантты анықтау. Қантты зерттеу үшін міндетті түрде жаңа алынған несепті зерттеу керек. Несепті жылы жерде сақтаған кезде, ондағы ферменттің, бактерияның әсерінен глюкоза ыдырап кетеді.
Несептегі қантты анықтау үшін Бенидикт, Ниляндер сынамалары мен жедел әдісі қолданылады.
Бенидикт сынамасы. Бенидикт ерітіндісін мына жолмен дайындайды. Өлшеуіш көрсеткіші бар 1 л колбаға 700 мл дистиленген су құяды, оған 173 г натрий цитратын және 100 гсусыздалған натрий карбонатын қосады. Барлық салған заттар еріп біткенше ерітіндіні қыздырады. Өзінше бөлек 100 мл дистилденген суға 17,3 г мыс сульфатын қосып ерітінді дайындайды. Екі ерітіндіні колбаға құйып араластырады, суыған соң дистилденген су құйып, оның көлемін 1 л жеткізеді. Содан кейін пробиркаға 5 мл реактив құйып, оған 8-10 тамшы несеп қосады. Оны 2 минут от жалынына немесе 5 минут қайнап тұрған су моншасына қыздырады. Пробирканы суығанша 5-7 минут қойып қояды. Егер пробиркадағы сұйық көк түске боялса, онда несепте қант жоқ, егер несеп құрамында қант болған жағдайда жасыл, сары немесе қызыл түстер пайда болады және пробирка түбіне тұнба түзіледі. Дегенмен 100 мл несеп құрамында 0,05 г-0,5 г аралығында (боялады) глюкоза болса, онда жасыл түске, 0,5-тен 1 г-ға дейін сарғыш-жасыл, 1-ден 2 г-ға дейін жасыл, ал одан әрі қызыл түске боялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет