«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Малдың мінез-құлқын, бас қаңқасын, омыртқасын



бет91/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Малдың мінез-құлқын, бас қаңқасын, омыртқасын және
сезім мүшелерін зерттеу
Сабақ мақсаты: жүйке тамыр жүйесін зерттеудің клиникалық әдістерін, малдың мінез-құлқын анықтауды, бас қанқасын, омыртқаны және сезім мүшелерін зерттеуді жүргізуді меңгеру.
Қажетті құрал-жабдықтар: перкуссия балғашықтары, малдың жүйке жүйесін зерттеуге арналған аспабтар жиынтығы.
Малдың мінез-құлқын зерттеу. Көру арқылы малдың сыртқы тітіркендіргіштерге, мысалы лақап атына, азық берген кездегі оның сыбдырына және басқа дыбыстарға жауап қайтаруын, мінез-құлқын анықтайды. Малдың мінез-құлқының өзгеруі күрт қажумен немесе қозуымен сипатталады.
Мінез-құлқының күрт өзгеруі (қажуы). Мінез-құлықтың күрт өзгеруі төрт түрге бөлінеді: апатия, ступор, сопор және кома.

  1. Апатия немесе әлсіреу (меңзең болу) мына белгілермен байқалады: мал өте аз қимылдайды, айналасындағыларға көңіл аудармайды, басын төмен салбыратып және шаршаған кейіп білдіріп, селқос қарайды, құлақ қимылы әлсірейді.

  2. Ступор немесе ұйқышылдық, маубас кейіп мына белгілермен сипатталады: мал жиі-жиі жатады немесе басын төмен салбыратып, үйреншікті қоздырғыштарға тез жауап қайтарып, бірақ мал қайтадан ұйқылы қалпына оралады.

  3. Сопор немесе сопорлық жағдай-ұйқы басу, терең ұйқымен сипатталады, мұндай қалыптан малды күшті қоздырғыштар (тұмсығына мүсәтір спиртін жақындату арқылы, суық суды шашу, электр тоғын және т.б. қолдану арқылы) көмегімен шығарып алуға болады.

  4. Кома немесе коматоздық жағдай, естен және рефлекстерден толық айырлумен сипатталады. Тыныс алу, жүрек қызметі, зат алмасу және басқа вегетативтік қызметтері коматоздық жағдайда сақталады, бірақ олар өте нашар сақталған және қызметтері бұзылған. Кома кезінде кейбір күшті қоздырғыштар малды мұндай қалымтан шығара алмайды. Аяқ асты естен айырлу естен тану деп аталады.

Мінез құлықтың өзгеруінің түрлі кезендері энцефалит (бас миының қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы), ми шемен, мидың ісінуі, мида қанның азаюы, аутоинтоксикациялар (уремия, холемия, кетонемия және т.б.), кейбір өсімдіктермен немесе минералды улармен уланғанда және көптеген басқа ауыр жұқпалы емес немесе індетті аурулар кезінде байқалады. Коматоздық жағдай жоғары өнімді сиырлардың ацетонемия және туғаннан кейінгі жартылай салдану аурулары кезінде жиі байқалады. Естен тану себептері тез өрбитін мида қанның азаюы, көп қан кету салдарынан, қан тамырлары соғуының әлсіреуі, малдың ыстық қорада көп уақыт тұру себебінен, үріккенде, қорыққанда және т.б. жағдайларда болады.
Қозу. Қозу малдың көп қимылдауымен байқалады, бұл кезде мал алдында тұрған кедергілерге қарамай алға ұмтылады. Кейбір ауруларға еріксіз қозғалыстар тән (бір жерде айналу, сағат тілі бойынша айналу, алға ұмтылу, артқа шегіну, және т.с.с), құтыру, бөтенге ұмтылу байқалады.
Қозу энцефалит (бас миының қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы), бірқатар улану кездерінде байқалады. Қозуға тән белгілер жұқпалы энцефалит кезінде ерекше байқалады: құтыру кезінде бөтенге ұмтылу белгілері байқалатынын әр уақытта есте сақтау керек.
Еріксіз қозғалыстар басы ауған жаққа жүру, бір орнында шыр айналу, алға ұмтылу, артқа шегіну және басқалар, дененің кеңістікте өзін-өзі еріксіз ұстауы мен жату, тұру, өзіне тән емес қалыпта кеңістікте тұру, бүгілу сияқты және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет