«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет89/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Несеп цилиндрлері: 1-аралас(гиалиндіжәнеканды);
2- эпителиальді; 3-канды (эритроцитарлық); 4-түйіршікті;
5-түйіршікті эпителиальді; 6-май
Цилиндрлер бүйрек түтікшелерінде пайда болады, белок немесе белок клеткаларынан тұрады, цилиндр тәріздес пішінде цилиндрлер мына түрлерде кездеседі: гиалинді, эпителиальды, эритроцитті, гемоглобинді, лейкоцитті, дәнешікті және майлы.
Гиалинді цилиндрлер. Гиалинді цилиндрлер несептегі белоктан пайда болады. Олар нәзік контурлы, мөлдір түсті балауыз тәріздес цилиндрлер. Олардың гиалинді цилиндрден айырмашылығы күшті, жарықсындырғыш қабілеті бар және сәл сарғыш түстес болып келеді.
Эпителиальды цилиндрлер - бұлар бүйрек каналдарынан бөлініп шыққан эпителиалары гиалинді цилиндрде жабысып тұрады.
Эритроцитті цилиндрлер - олар тек эритроциттерден тұруымүмкін-цилиндр тәріздес пішінде несеп түтікшелерінде пайдаболған.
Гемоглобиңді цилиндрлер - олар бүйректегі тұнбаға отырған гемоглобиндерден пайда болады. Түсі сарғыш-қоңыр, дәнешіктері бар.
Лейкоцитті цилиндрлер - олар гиалинді цилиндрге жабысқан лейкоциттер немесе лейкоциттердің топталған пішіні өзара фибринмен немесе кілегеймен ұстасқан.
Денешікті цилиндрлер - олар бүйрек түтікшелерінен бөлінген эпителиальды клеткадан пайда болады. Бұл цилиндрдің бет қабаты майда дәнешіктермен қапталған.
Майлы цилиндрлер - олар бүйрек каналдары эпителиясының майлы туындыларынан пайда болған. Бұл цилиндрлер май тамшыларынан тұрады, суда препаратормен бояған кезде өте керемет көрінеді. Цилиндрлердің несеп кұрамында пайда болуы, бүйректегі морфологиялық өзгерістер болғанын білдіреді.
Цилиндроидтар. Цилиндроидтар кілегейден тұратын ұзын, нәзік шылбыр тәріздес денелер. Бұл денелердің ұзыннан сызылған сызықтары бар және соңғы жағы шашақталып келген тәріздес. Бұлардың гиалинді цилиндрден айырмашылығы сірке қышқылын қосқан кезде ерімейді. Несеп құрамында цилиндроидтардың аз мөлшерде кездесуі дені сау малдарда, ал олардың несепте көп мөлшерде кездесуі несеп шығаратын жолдардың кілегейлі қабығы қабынған кезде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет