Статикалық атаксия. Атаксияның бұл түрі қозғалмай тұрғанда дененің тепе-теңдік қалпының бұзылуы, бұл малдың тұруы немесе отыруы кезінде болады, ол дене мен бастың теңселуімен, аяқтарының дірілдеуімен және бүгілуімен сипатталады. Атаксияның ауыр түрінде мал бір затқа жиі сүйеніп тұрады, ал егер сүйеніш болмаса құлайды. Статикалық атаксия бұлшық ет гипотониясы болатын өте зілді ауруларда, жеке бұлшық еттер салданғанда, жұлын менингиті кезінде және басқа ауруларда байқалады.
Динамикалық атаксия. Бұл атаксия тек қозғалу кезінде байқалып, мал аяқтарын нық басудан именіл, дененің артқы бөлікгері теңселіп, аяқтарымен мөлшерсіз аттап жүреді.
Динамикалық атаксияның пайда болу себебінің ең негізгісі терең сезгіштіктің бұзылуы болып табылады.
Зақымданудың орнына байланысты атаксияның бірнеше түрі болады, олардың жиі кездесетіндері: шалғай-ол жұлын миының артқы сегменттері зақымдануына байланысты, аяқтарының қозғалуы бұзылуымен сипатталады; вестибулярлық -ол вестибулярлық жүйке тамыры зақымданғанда пайда болып, тепе-тендіктің бұзылуымен, мойын бұралуымен, зақымданған жағына жиі құлауымен сипатталады, мишықты-статикалық және динамикалық тепе-теңдігінің бұзылуымен сипатталады, церебральді - ол мидың маңдай және шеке бөліктері зақымданғавда пайда болып, қозғалу тепе-теңдігінің бұзылуы белгілерімен сипатталады, көбінесе бұрылу кезінде байқалады.
Жүру және қозғалуды зерттеу кезінде жүйке жүйесінің ауруларына байланысты болатын дененің кеңістіктегі еріксіз қалпына көңіл аударады, олардың ішінде мыналар орын алуы мүмкін: еріксіз жату (салдану, кетоз және басқа аурулар), еріксіз жүру (сіреспе және басқа), еріксіз қозғалыстар (бас миы мен оның қабықшалары зақымданғанда).
Белсенді қозғалыс мүмкіндігі. Мұндай қозғалыстың әлсіреуі жартылай салдану кезінде, ал салдану кезінде малдың толық қозғалысқа келуі бүтіндей жойылады. Салдану орталық және шалғай болып бөлінеді.
Орталық (спастикалық) салдану. Орталық салдану бас миының қозғалыс бөліктері немесе бас миын жұлын мен байланыстырып тұратын жүйке тамырларының жіпшелері зақымданғанда пайда болады. Орталық салдану зақымданған бұлшық еттер тонусының жоғарылауымен, сіңір рефлекстері жоғарылауымен және тері рефлекстері әлсіреуімен, контрактура пайда болуымен байқалады; олар энцефалит (бас миының қабықшасы қабынғанда), ми зақымданғанда, қан кеткенде, құтыру және т.б. аурулар кезінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |