Қажетті құрал-жабдықтар: малдың жүйке жүйесін зерттейтін құралдар жиынтығы.
Жануарлар: сау және ауру сиырлар, жылқылар және иттер.
Беткі және терең рефлекстерді зерттеу. Беткі және терең рефлекстерді зерттеу кезінде жүйке жүйесін зерттеуге арналған И.П.Шаптала конструкциясымен жасалынған құралдар жиынтығын пайдаланған жөн.
Тері рефлекстерінің клиникалық маңызы барлары: тері рефлексітеріге тиген кезде тері асты бұлшық еттерінің жиырылуы; құрсақ-бауыр рефлексі құрсақ-бауыр қабырғасының (теріге сызық жүргізіледі) әр жеріне тиген кезде құрсақ-бауыр еттерінің жиырылуы. Құйрық рефлексі-құйрықтың ішкі жағы терісіне тиген кезде құйрықтың екі аяқтың ортасына қысылуы; аналь (артқы тесік) рефлексі-анус маңайындағы теріге тиген кезде сыртқы сфинктердің жиырлуы; кремастер (үма) рефлексі-артқы аяқ санның ішкі бетін тітіркендірген кезде үманың жоғары көтерілуі; тұяқты сүйегінің рефлексі-тұяқтың жоғарғы бетін балғамен нұқыған кезде аяқтың жоғарғы жақ бұлшық еттерінің жиырлуы; тұяқ рефлексі-тұяқ арасын басқан кезде аяқтың көтерілуі; құлақ рефлексі-құлақ терісін тітіркендірген кезде малдың басын бұруы.
Қойдың тірсек рефлексін зерттеу. Ахилл сіңірі рефлексі ерттеу. Кілегей қабық рефлекстері арасынан клиникалық мағынасы барлары: коньюнктива рефлексі-жұмсақ затпен (қағазбен, қол сүрткіш қағазбен) көз кілегей қабықшасына тигізген кезде жұмылуы және жас бөлінуі; корнеалды рефлекс - көздің қасаң қабықшасына тиген кезде көздің жұмылуы; жөтелу рефлексі-кеңірдектің алғашқы сақиналарын қысқан кезде жөтелдің пайда болуы; түшкіру (пысқырыну) рефлексі - тұмсықтың кілегей қабығын тітіркендірген кезде түшкіріп, пысқырынуы. Терең рефлекстерден зерттелетіндері: тірсек рефлексі-алақанмен, нұқу балғашасымен немесе рефлекторлық балғашамен ұрған кезде аяқ тірсек буынының созылуы. Сіңір рефлекстерін малды бір қалыпты бос жатқызып немесе тұрған кезде дене салмағы екі алдыңғы және артқы бір аяққа түсуі, ал зерттелінетін аяқ тек тұяқ ұшымен ғана тіреп тұруы қажет; Ахилл рефлексі-ахилл сіңіріне ұрған кезде жамбас буынының төмен буындармен бірге созылуы.