Вегатативтік жүйке тамыр жүйесін зерттеу. Вегатативтік жүйке жүйесінің бұзылуын анықтау үшін тәжірибеде рефлекстер және дәрі-дәрмектік әдістер қолданылады.
Рефлекстер әдістері. Рефлекстер әдісімен зерттеудің қолайлығы оның зиянсыздығында.
Даньини және Ашиер көз-жүрек рефлексі. Малды 10 минуттай уақыт толық тыныштықта ұстап, 30 сек аралығындағы жүрек соғуын анықтайды, сонан соң қолдың екі саусағымен 30 секундтай уақыт бірқалыпты қысым күшімен көз алмасын басады. Сол уақыт ішінде қысымды тоқтатпай жүрек соғуын санайды. Сау жылқылар жүрек соғуының саны алдыңғы саналған саннан азаюы 4 - тен көп болмауы керек. Жүрек соғуының саны 4-тен көбейетін болса, онда мұндайды ваготоникалық жағдайдағы мал деп есептейді. Симпатикотоникалық жағдайда малдың жүрек соғуының кемуі және жиілеуі де мүмкін. Жүрек соғуының жиілеуін тамыр соғуы немесе жүректі тыңдау арқылы анықтайды.
Роженің құлақ-жүрек рефлексі. Жылқы тыныш тұрған кезде жүрегінің соғу жиілігін анықтайды, сонан соң оның оң құлағына бұғау салғаннан кейін қайта санайды. Бұғау салмаған кездегі және бұғау салғаннан кейінгі мәліметтерді салыстыра келе көз-жүрек рефлексіндегі сияқты ваготониллық, симпатикотониялық немесе нормотониялық жағдайда екендігіне қорытынды жасайды. Құлақ-жүрек рефлексін арнайы құрал көмегімен зерттеуге болады.
Шарабриннің ерін-жүрек рефлексі. Жылқының жоғарғы ерніне бұғау салу жүректің соғу жиілігіне дәл құлақ-жүрек рефлексіндегі сияқты өсер етеді. Ерін-жүрек рефлексін анықтау үшін қазіргі кезде арнайы аспап қолданылады.
Дәрі-дәрмектік әдістер. Вегетативтік жүйке тамыр жүйесін зерттеуде дәрі-дәрмектік әдістердің ішінде көбірек орын алғандар: адреналин, пилокарпин, атропин сынамалары. Бұл дәрі-дәрмектердің кемшілігі олардың электевтик әсерінің жоқтығы. Белгілі жағдайларда олардың әсері тек симпатикалық жүйке жүйесіне ғана емес, сонымен қатар вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөліміне де әсер етеді, бұл реакция сапасына баға беруді қиындатады.
Терідегі висцеро-сенсорлық аумақты (нүктелерді) анықтау (Захарин-Гед аумағы).
Жұлынның сәйкес сегментімен, ауру ағзалардан тітіркендіруді тері аумағына вегетативтік жүйке талшықтары, жұлын орталықтары және соматикалық жүйке талшықтары арқылы таратылуы нәтижесінде пайда болатын кейбір ішкі ағзалардың ауруларында тері гиперестезиясы байқалады (Захарин-Гед нүктелері).
Терінің жоғарғы сезімталдығының нүктелерін теріге тию, теріні қолмен жию, нұқу балғашасымен немесе саусақтармен нұқу, ине ұшымен шаншу және басқа айла-тәсілдер көмегімен анықтайды. Айта кететіні терінің гиперестезия нүктелері тек жылқыларда ғана жақсы зерттелінген
Жылқының сол жақ қапталының висцералдық тітіркенуінін теріге берілетін аумақтары: А- ас қазан мен жүректің (оң жақ-қапталда); Б-асқазанның; 1...18-қабырғалар; а- жүректің; б- асқазан мен он екі елі ішектің; в-аш ішектің, соқыр ішек немесе үлкен тоғайрақ ішектің төменгі бөлігінің; г-үлкен тоғайрақ қолқасының; е-кіші тоғайрақ ішектің, бүйрек (бел аумағында) және несеп-жыныс ағзаларының (құйымшақ аумағы)
Достарыңызбен бөлісу: |