«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет98/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Шалғай (босаң) салданулар. Олар жұлынның миының қозғалыс бөліктері немесе жұлын миынан қозғалыс импульстерін алып келетін шалғай жүйке тамырлар діңі зақымданған кезде пайда болады. Шалғай салдану аурулары зақымданған бұлшық еттер тонусының төмендеуімен және босаңсуымен, олардың тез арада кішіреюімен, тері және сіңір рефлекстерінің жоғалуымен анықталады.
Салдануларды таралу түріне байланысты былай ажыратады: моноплегая - бір бұлшық еттің немесе бір мүшенің сал болуы, жиі шалғай жүйке тамырлары зақымданғанда болады; гемиплегия -дененің бір қапталының салдануы, жиі бас миы зақымдануы әсерінен; параплегия - симметриялы орналасқан мүшелердің салдануы, мысалы жұлынның зақымдануы әсерінен екі артқы аяқтың салдануы.
Еріксіз қозғалыстар (гиперкинездер). Бұл қозғалыстарға еріксіз пайда болатын дірілдер және басқа қозғалыстар жатады. Еріксіз қозғалыстарды бұлшық еттер топтарының жиырылу күші мен жиілігіне және олардың қайталануына назар аудару арқылы зерттейді.
Бұлшық еттерінің жиырылуына байланысты дірілдеулер клоникалық және тоникалық, ал пайда болу орнына байланысты-орталық және шалғай болып бөлінеді.
Клоникалық дірілдер. Дірілдердің бұл түрі өте қысқа және бірінен соң бірі қайталанатын бір немесе бір топ бұлшық еттердің жиырылуымен және олардың босаңсуымен сипатталады.
Еріксіз жиырылулардың таралуына және сипатына байланысты клоникалық дірілдердің бірнеше түрін ажыратады, оның ішінен: конвульсиялар - мал денесіне тұтас таралатын клоникалық дірілдеулер - ит обасының жүйке жүйесі бұзылу түрінде, эпилепсия, бас миы қабынғанда байқалады; тремор-қозғалыс кезінде және қозғалмай тұрғанда бастың, аяқтардың, сонымен қатар бүкіл дененің ырғақты шайқалуымен байқалатын дірілдеулер; нистагм - (еріксіз дірілдеулер) бас және жұлын миы қабыну құбылыстары, кейбір уланулар кезінде болатын көз алмасының еріксіз дірідеулері; тиктер - әртүрлі қозғалысты қимылдарды болдыратын жеке бұлшық ет топтарының стереотипті қайталанатын тартылулары, мысалы ит обасының жүйке жүйесі бұзылу түрінде, энцефалит - аяқ асты қозуларда кездесетін жыпылықтау, күйсеу, бастың шұлғуы жатады; фибриллярлі тартылулар - барлық бұлшық еттің емес, тек жеке бұлшық ет талшықтарының еріксіз жиырулары, безгек, дене қызуының көтерілуі, аурсыну сезілгенде, жұмыршақтың жарақаттануы және перикардитте, кетоз және т.б. аурулар кезінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет