«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Беткейлік сезгіштіктің патологаялық өзгерістері



бет95/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Беткейлік сезгіштіктің патологаялық өзгерістері. Беткейлік сезгіштіктің патологиялық өзгерістеріне: гипоестезия (төмендеуі), анестезия (жойылуы), гиперестезия (күшеюі).
Сезгіштіктің бұзылу түріне байланысты мынадай атауларды қолданады:

  • гипоалгезия-ауру сезгіштіктің төмендеуі;

  • аналгезия-ауру сезгіштіктің толық жойылуы;

  • гипералгезия-ауру сезгіштіктің күшеюі;

  • тастгипоестезия-тітіркену сезгіштіктің төмендеуі;

  • тастанестезия-тітіркену сезгіштіктің толық жойылуы;

  • тастгиперестезия-тітіркену сезгіштіктің күшеюі;

  • термогипоестезия - температура сезгіштіктің күшеюі;

  • термогипоестезия-температура сезгіштіктің төмендеуі;

  • термоанестезия-температура сезгіштіктің толық жойылуыжәнетермогиперестезия-температура сезгіштіктің күшеюі.

Беткейлік сезгіштіктің төмендеуі, әлсіреуі немесе жойылу. Сезгіштіктің жалпы бәсендеуі (әр түрлі қажулар кезінде) және жергілікті немесе шартты болуы мүмкін. Бір жақты сезгіштіктің жойылуы-гемианестезия-сопақша ми және ми қабықшасы арасындағы өткізгіш жолдардың бір жақты зақымдануы кезінде, ал жергілікті-жұлын миының дорсальді қабықшасы мен терідегі шалғай жүйке тамыр жүйелері зақымдануы кезінде байқалады. Атапөтілген зақымдануға бет жүйке тамырының салдануы мысал бола алады.
Сезгіштіктің екі жақты жойылуы - параанестезия-жұлын миының көлденең зақымдануы кезінде болады.
Тері сезгшітігінің күшеюі. Зақымданудың бұл түрі сезгіш жүйке тамырының немесе оның өткізгіш жолдарының тітіркенуі салдарынан және бас миының тиісті орталықтары патологиялық өзгерістері кезінде, жұлын миының қабықшасы қабынуы кезінде, дорсальді жүйке тамырлары зақымданғанда болады.
Ауруды сезіну шығу орнына байланысты орталық және шалғай болуы мүмкін, сонымен қатар ерікті немесе реактивті ауру сезінуді айырады, олар әр түрлі тітіркендірулерге жауап ретінде пайда болады. Еріксіз ауру сезіну сырттан қосымша тітіркендіргіштер әсерінсіз өз қалпына түрлі мүшелерде, мысалы абсцестер кезінде болатын сезгіштік. Ауруға жауап беру әсері тітіркендіру орны және аймағының таралуына байланысты жергілікті (тітіркендіру орнына байланысты), проекциялық (тітіркендіру орнында ғана байқалмайтын, сезгіштік жүйелейтін барлық аймақта байқалады), иррадиациялық (сезгіштік жүйке тамырының бір ұшынан басқа ұштарына беріледі) және шағылысу арқылы жұлын миының сол сегментіндегі сезгіш соматикалық жүйке тамырына симпатикалық жүйке тамырдың әсер етуі салдарынан, яғни, висцеросенсорлық рефлекс әсер етуі салдарынан болады, мысалы асқазанның күрт ісінуі кезінде шоқтық аймағында тері сезгіштіктігінің күшеюі байқалады.
Тері сезгіштіктігі бұзылуының ерекше түрі парестезия болып табылады, олар ешқандай сырттан әсер етпей-ақ әртүрлі сезінуді аңғартады, олар тітіркену, ыстық сезіну, суық сезіну, ауру сезіну арқылы байқалынады. Парестезия кезінде жануарлар қышынуы, жалануы және денесінің кейбір бөліктерін тістеп-кеміруі мүмкін. Парестезия Ауески, құтыру және т.б. ауруларда байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет