Несептегі өт пигмеиттері мен қышқылдарды анықтау. Өт пигменттері ішінен несепте билирубин, уробилиноген денелері кездесуі мүмкін, олар арнайы байқау сынамалар арқылы анықталады.
Несептегі билирубинді Розин сынамасымен анықтау.Пробиркаға 3-4 мл несеп алып, оған йод ерітіндісін немесе 1 % йодтың спирттегі ерітіндісін пробирка қабырғасын бойлай қосады. Егер несепте билирубин болса, онда екі сұйық қосылған шекарада жасыл шеңбер пайда болады. Қалыпты несепте билирубин аз мөлшерде кездеседі. Ол арнайы байқау кезінде анықталмайды. Несеп құрамында билирубиннің болуы билирубинурия деп аталады. Билирубин несепте механикалық және паренхиматоздық сары ауруда кездеседі.
Несептегі уробилиногенді денелерді анықтау. Богомолов сынамасы. Химиялық ыдысқа 10-15 мл несеп алып, оған 2-3 мл қаныққан мыс сульфаты ерітіндісін қосады. Несеп лайланған жағдайда оған бірнеше тамшы концентрленген тұз қышқылын ерітінді тұнықталғанша қосады. 5 минөт өткен соң ерітіндіге 2-3 мл хлороформ қосып шайқайды. Егер уробилиногенді денелер болған жағдайда хлороформ қабаты ақшыл-қызылдан қызыл-мысты түс аралығында боялады. Дені сау мал несебінде уробилиногенді денелер аз ғана мөлшерде бөлінеді, бірақ тұрыңқырап қалған несепте уробилинді денелерге айналады.
Уробилиногенді денелердің өте көп мөлшерде болуы уробилиногенурия деп аталады.
Уробилинурия эритроциттердің қан айналымының (гемолиз) бұзылуында, мысалы қан паразиттері ауруында, улы заттармен уланғанда, бауыр және ішек ауруларында байқалады. Уробилиногенді денелердің несепте тіптен болмауы механикалық сары ауруды керсетеді.
Несептегі өт қышқылын күкіртті түспен байқау. Колбаға 40-60 мл несеп құйып, оны 20-30 минутқа қоямыз. Сонан соң несептің жоғарғы бетіне күкіртті түс ұнтағын себеміз. Егер ұнтақ шөкпесе онда байқау теріс ал шөксе оң. Несепте өт қышқылы мен түздар 0,01 % жоғары болса, байқау - оң болады.
Ескерту: егер несептің салыстырмалы тығыздығы 1,015 дейін араласқан болса, онда байқау қорытындысы соғырлым анық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |