Ниляндердің сынамасы. Ниляндер реактиві (висмут нитраты -2 г, сегнет тұзы - 4 г, 10 % натрий гидроокис ерітіндісі - 100 мл)-түссіз ерітінді. Реактив қарайтылған шыныдан жасалған ыдыста жақсы сақталады. Ұзақ сақталған реактивті қолданар алдында алдымен сапасын тексеріп анықтау керек. Бұл үшін пробиркаға 10 есе сумен араластырған Ниляндер реактивін құйып қыздыру керек. Егер реактив бұзылмаған болса, онда қайнаған кезде сұйық қараймайды. Сынаманы тексеру үшін, 3-4 мл Ниляндер реактивіне 2 мл несепті қосып, оны 3-4 минут от жалынына қыздырады. Егер несеп құрамында қант болса, онда сұйық лайланып, қоңыр-қара түске боялады. Бұл байқаудың сезімділігі өте жоғары, ол 100 мл несеп ішіндегі 0,1 г қантты анықтайды.
Егер несеп құрамында несеп және салицил қышқылы, гемоглобин мөлшері көбірек болса, онда бұл сынама жалған-оң реакция береді.
Жедел тәсіл. Несеп құрамындағы (затты) қантты мөлшерлі зерттеу үшін ортотолуинді әдісті қолданып анықтайды. Қалыптынесеп құрамында глюкоза өте аз мөлшерде болады, ол сапалыбайқау реакциясы кезінде білінбейді. Егер бүйрек түтікшелерініңглюкозаны сорып алу қабілеті бұзылса, онда несеп құрамында глюкоза пайда болады - оны глюкозурия деп атайды,
Ол физиологиялық және патологиялық глюкозурия болып ажыратылады. Малдарда физиологиялық глюкозурия оларды көміртегіне бай азықпен азықтандырған кезде, кейде қорқынышсалдарынан және желіндегенде байқалады.
Патологиялық глюкозурия кант диабетінде (сусамыр), мал ауыр металл қосындылармен, хлоралгидратпен, скипидармен және басқа улы заттармен уланғанда, бауыр дистрофиясында, ми мен жұлын қабыну құбылысында байқалуы мүмкін.
Кетонды денелерді анықтау. Кетонды денелерді анықтау үшін Лестрада сынамасын қолданады, ол реактив мына төменгі құрамда жасалынады ( натрий нитропрусиді - 1 г, аммоний сульфаты - 20 г, натрий карбонаты (сусыз) - 20 г. Өлшеніп алған препараттарды фарфорлы ыдыста жақсылап ұнтап, оларды араластырып, ауызы мықтап бекітілген шыны ыдыста сақтайды.
Сынама қойған кезде ақ кафельді плиткаға аздаған құрғақ ұнтақты салып, оған 2-3 тамшы несеп тамызып ылғалдаймыз. Егер несеп құрамында кетонды денелер болса реактив акшыл-қызылдан қара-күлгін аралығындағы түске боялады. Реактивтің боялуы 2-3 минут аралығында іске асуы мүмкін. Дені сау малдың несеп құрамында кетонды денелер өте аз мөлшерде кездеседі, олар Лестрада сынамасы кезінде анықталмайды.
Несепте кетонды денелердің пайда болуы-кетонурия деп аталады. Ол көбінесе сүтті сиырлардың кетоз ауруы, қысыр қойлардың кетонуриясы, листериозда, ішек-қарын жұмысының бұзылуы салдарынан болады.
Достарыңызбен бөлісу: |