«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Несеп тұнбасы элементтерін бір-бірінен ажырату



бет88/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Несеп тұнбасы элементтерін бір-бірінен ажырату. Несеп тұнбасы элементтерін екі топқа бөледі:

  • біріккен (органикалык) тұнба;

  • бірікпеген (органикалық емес) тұнба.

Біріккен тұнба. Бұған негізінен эритроциттер, лейкоциттер, эпителиялар, цилиндрлер жатады.
Эритроциттер. Олар несепте өзгермеген және өзгерген түрінде болуы мүмкін. Өзгерген эритроциттер гемоглобині бар, ол диска тәріздес сарғыш-жасыл түсті болып келеді. Өзгерген эритроциттер гемоглобинінің көп бөлігін жоғалтқан, бұл екі контурлы диска тәріздес түссіз болып келеді. Бұндай эритроциттер несептің салыстырмалы тығыздығы төмен, рН жоғары болғанда және несеп ұзақ сақталғанда кездеседі. Жаңа алынған несепте сілтісіз өзгерген эритроциттер көбінесе бүйрек зақымданғанда (нефритте,туберкулезде, ісіктерде) байқалады. Несеп шығаратын жолдар зақымданған кезде (цистит, тісжарыс ауруыңда) өзгерілмеген эритроциттер табылады. Бүріскен эритроциттер несептің салыстырмалы тығыздығы жоғарылағанда кездеседі.
Несеп тұнбасын микроскоппен тексергенде қателіктер жіберілуі мүмкін. Домалақ оксалад кристалдарын эритроцитпен шатыстыруы мүмкін. Эритроциттердің сипаттамалы белгісі-олардың екі контурлылығы және олардың бетінде дәкешіктер болмайды. Ашытқы клеткалар көбінесе сопақ өңдес жасылғыш дағымен топталып, жиналып тұрады. Домалақ оксалаттар түскен жарықты, тез арада сындырып, микровинтті қозғаған кезде сызықшалар пайда болады.
Эритроциттерді үлкен пішіндегі оксалаттардан ажырату үшін препаратқа бір тамшы сірке қышқылы ерітіндісін қосады. Сірке қышқылэритроциттерді ерітіп жібереді, ал оксалаттар сол күйінде препаратта қалады. Дені сау малдар несебінде эритроциттер әр көру аймағында өте сирек кездеседі (0 ден 2 ге дейінгі аралықта).
Бүйрек және несеп шығаратын жолдардың ауруында көбінесе гематурия жиі кездеседі, олардың асқынуы әр түрлі болуы мумкін. Егер несеп құрамындағы қан әсерінен қызыл түсті болса, онда 1 мл несепте кем дегенде 2500 эритроцит бар екендігін білдіреді, бүл құбылыс - макрогематурия деп аталады.
Лейкоциттер. Олар несепте әр түрлі пішінде кездеседі. Жаңа алынған несепте салыстырмалы тығыздығы қалыпты немесе жоғары болған кезде лейкоциттер сопақ қоңыр түсте және дәкешіктермен кездеседі. Егер несептің салыстырмалы тығыздығы төмен болған жағдайда, лейкоциттер іліністі әрі сырт пішіні әлдеқайда ірі болып келеді.
Дені сау мал несебінде лейкоциттер өте сирек кездеседі. Олар әр көру аймағында 0 ден 2-ге дейін кездеседі. Лейкоциттердің несеп құрамында көбейіп кетуі - лейкоцитурия деп аталады, ал олардың несептен өте көп мөлшерде бөлініп шығуы (50-100 лейкоцит көру аймағында) - пиурия деп аталады. Лейкоциттер бүйректен және несеп шығару жолдарының барлық бөлігінен бвлініп шығуы мүмкін. Лейкоцитурия мен протейнурияның клиникалық белгілерінің бірге байқалуы, несептегі лейкоциттердің бүйректен бөлініп шыққанын білдіреді. Әсіресе лейкоциттің көп бөлінуі пиелонефритте және циститте кездеседі.
Ұрғашы мал несебіне лейкоциттер жыныс мүшелерінен түсуі мүмкін, сондықтан олардан несеп алған кезде осы жағдайды ескеру керек.
Эпителиальды клеткалар. Бұл клеткалар несепке бүйрек каналдарынан, бүйрек ұлпасынан, несеп түтіктерінен, қуықтан, уретрадаң және жыныс мүшелерінен түсуі мүмкін. Несеп тұнбасында жалпақ, цилиндр тәріздес (құйрықты) және домалақ эпителиальды клеткалар кездеседі. Жалпақ эпителиальды клеткалар - көп бұрышты ірі денелер, цитоплазмасында анық көрінетін дәнешіктер мен ядросы бар. Цилиндірлі эпителиальды клеткалар-сырт пішіні жұмыр, ұзындау келген, цитоплазмасында дәнешіктері бар және ядросы анық көрінеді. Бұл клеткалар барлық несеп шығаратын жолдар бөлігінен бөлініп шығарылуы мүмкін. Домалақ эпителиальды клеткалар домалақ пішінді, ортасында ядросы және дәнешіктері бар денелер. Несеп тұнбасында эпителиальды клеткалардың көп мөлшерде кездесуі несеп жүйесінде қабыну құбылыстары бар екендігін білдіреді.
Цилиндрлер. Несепте цилиндрлердің болуыцилиндроуриядеп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет