«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Малдың ішегін және нәжісін зерттеу



бет60/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Малдың ішегін және нәжісін зерттеу
Сабақ мақсаты: әртүрлі мал ішектерін зерттеу әдіс түрлерімен таныстыру. Нәжісті зерттеу әдісін көрсете білу және түсіндіру.
Қажетті құрал-жабдықтар: тындауға керек жаймалар, стетоскоптар, фонендоскоптар, перкуссиялық балғашықтар, плессиметрлер, әртүрлі киімдер, жеңдер, зерттеуші қолғаптар, алжапқыштар, ректоскоп, зерттеуге қажетті әртүрлі шыны ыдыстар, микроскоптар, пипеткалар, бюреткалар, лакмус қағазы, әртүрлі реактивтер.
Жануарлар: ауру және сау мал, сиырлар, жылқылар,
шошқалар, қой, ит және құстар.
К үйіс қайыратын мал ішектерін зерттеу. Күйіс қайыратын малдарда ішектер оң жақ құрсақ қуысында, соның ішінде тоқ ішек жоғарғы бетінде, ал аш ішек төменгі жағы нда орналасқан.


Ішекті тексеру үшін жалпы клиникалық әдістермен бірге, тік ішек арқылы зерттеу, сонымен қатар ректоскопиялау әдісі,ішекті ( тесу арқылы зерттелінеді.


Ішекті жалпы әдістермен зерттеу. Қарау арқылы ішек қарынның сыртқы пішінін, артқы тесігінің (анус) жағдайын және онан бөлініп шығатын нежістің физикалық қасиетін анықтайды.
Сипау әдісімен мал ішегінің орналасуын, пішінін, қозғалуын және ауырсыну қасиетін біледі, бірақ мұндай әдіспен тек қана бұзауды, қойды және ешкіні зерттеу ыңғайлы және тиімді. Ал іріқара малды бұл әдіспен зерттеу өте қиын, соңдықтан тік ішек арқылы зерттеу жүргізіледі, өйткені ол жеңіл де және дұрыс нәтиже беретін әдіс.
Құрсақ қуысын перкуссиялау кезінде тимпаникалық дыбысты естиміз. Перкуссия әдісімен зерттеу негізінен аш бүйірден басталып, төмен қарай кұрсақ қуысы мүшелерінің орналасуына байланысты жүргізіледі.
Ішекті тындағаңда әртүрлі шуылдар байқалады. Ол үшін арнайы аспаптар, яғни стетоскоп пен фонендоскоптарды пайдаланады. Тындау кезінде, әуелі малды мұқияттап ұстайды, сонан соң құрсақ маңына ақ жайма жайып, малдың сол жақ қапталын оң құлақпен тындап, ал оң жақ қапталын сол құлақпен тыңдайды, бірақ зерттеуші бір қолымен малдың арқасынан ұстауы қажет.
Сау малдың құрсақ қуысын оң жақ қапталын тындағанда аш, тоқ ішектер шуылдарының қысқа және сирек дыбыстарын естиміз, яғни сылдыраған, шұрқыраған су сылдыры және шолпылы сияқты дыбыстар естіледі. Негізінен күйіс қайыратын малдың аш ішек пен тоқ ішек шуылдары ұқсас, бірақ кейбір уақыттарда оның ерекшеліктері болады, оның өзі ағзалардың өзара орналасуына байланысты.
Ішекте шектен тыс газ және ауа көбейгенде өте күшті шуылдар естіледі, ал ішек жолы бітеліп қалғанда өзіне тән ысқырықты дыбыстар естіледі. Ішек етінің жиырылуы әлсірегенде, ішек азықпен тарылып және бітеліп қалған жағдайда ішек шуылдары әлсірейді немесе нашарлайды, тіпті мүлдем болмай қалуы мүмкін.
Малдардың нәжісін зерттеу алдында, алдымен сол малдар күніне қаншалықты нәжіс шығарады, шығарар кезде малдың тұрысы қалай болады, нәжіс шығару ұзақтығы және оның мөлшері мен қасиеттерін анықтап алу керек. Негізі күйіс қайыратын малдарда өзіне тән сәйкес азығын қабылдаған болса, әрбір 1,5-2 сағат аралығында нәжіс шығару процесі жүреді, сиыр малында нәжіс шығару ұзақтығы 3-10 сек, ал қой мен ешкіде-онанда өте аз болады.
Нәжістің шығу процесі бұзылуының белгілері - іштің өтуі, ; іштің жүрмей қалуы, нәжістің еріксіз бөлінуі және нәжіс шығарған кезде ауырсынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет