«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Ленинград мал дәрігерлік институты жылқыдан қарын селін алу тәсілдерін ұсынды



бет56/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Ленинград мал дәрігерлік институты жылқыдан қарын селін алу тәсілдерін ұсынды. Ол үшін арнайы аспап ұсынған. Бұл аппараттың арқасында қарын сөлін бір мезгілде 3-5 жылқыдан бірдей алуға болады. Мұндай аспапты "Биопром" бірлестігі зауыты шығарады. Ол үшін жылқыны 13-14 сағат аш қарын ұстайды. Зондпен қарын сөлін алмас бұрын, малға су беріп, сонан соң 3-5сағат күте тұрады. Зондты пайдаланбастан бұрын, оны вазелин майымен майлап, сонан соң танау қуысының төменгі бөлігі арқылы танау қарын зондын енгізеді.
Аппаратты қосқаннан кейін Комовский сорғышы арқылы ауасын сорып, бөтелкеге қарын сөлін кұйып алады.
Сау жылқыда қарын сөлі, түссіз немесе аздап сарғыш түсті, консистенциясы су тәріздес, қышқылдау иісі бар және салыстырмалы тығыздығы - 1,003-1,005.
Сау жылқыда орта есеппен алғанда бір сағаттан кейін алған қарын сөлінің мөлшері - 1-2 литр, ал оның көрсеткіші: байланыспаған НСІ - 10-30 бірлік; жалпы қышқылдығы - 18-40 бірлік; пепсин - 3-7 мм., лейкопедез - 50-250 (Лепорский және Коржа тәсілі бойынша).
2 сағаттан кейін алынған қарын сөлінің көрсеткіш орта есеппен төмендегідей-1,5-2,5 литр, ал көрсеткіштері: байланыспаған НСІ -15-40 бірлік; жалпы қышқылдығы - 22-50 бірлік; пепсин - 1-8 мм, лейкопедез - 50-200.
Патологиялық өзгерістер кезінде қарынның сөл бөлу қызметінің күшеюі (гиперсекреция), әлсіреуі (гипосекреция) болуы мүмкін, ал оның бөлу қызметінің өте, тым бұзылуы кезінде құрамында ферменттер, де НСІ (қарын ахилиясы) жоқ сұйық зат бөлінеді. Сөл бөлу қызметі нашарлағанда қышқылдың НСІ қасиеті күшеюі, азаюы және мүлдем болмауы мүмкін, соған сәйкес гиперацидті, гипоацидті, анацидті, субацидті, инертті болып бөлінеді.
Қарынның кілегейлі қабығы жіті және созылмалы түрмен қабынғанда қарында лейкоциттер, лейкопедездер шектен тыс көбейіп кетеді. Ал ол аурудың қарқыны мен таралу процесіне байланысты болады.
Шошқаның қарнын зерттеу. Шошқа қарны құрсақ қуысы сол жақ бүйірінің бүкіл теменгі бетін алып жатыр. Шошқа қарнын зерттеудің негізгі әдістері: қарау, сипау, перкуссиялау және тындау. Сонымен бірге зондпен тексеру және рентген сәулесін пайдалануға болады. Бірақ ересек малдың қарнын зерттеу тері асты майларының қалың болуынан және тыныш тұрмау себебі салдарынан өте қиынға соғады.
Жалпы қарау арқылы шошқаның қарын маңының, яғни сол жақ беті қарынының үлкеюін немесе томпаюын анықтаймыз. Сипау әдісімен қарында газ немесе азық толып кетуін, сонымен қатар сол тұстың сипау кезінде ауырсынуын білуге болады. Саушошқаның сол жақ 12-13 -шіқабырғасын перкуссиялағанда типманикалық (дүңкілдеген), қарын азыққа шектен тыс толғанда дыбыс бәсеңдейді, ал егер қарын шектен тыс газға толғанда тимпаникалық дыбыс күшейеді. Шошқа қарнын тыңдау әдісі нәтижелі мәліметтер бере бермейді, бірақ кейбір уақытта, қарынның жиырылу қызметі күшейгенде және төмендегенде бұл шуылдар күшейіп немесе әлсіреп естіледі. Шошқа қарнының зақымдануын немесе ауырғандығының бір белгісі - малдың кұсуы. Осы белгіге қарап, алдын ала клиникалық диагноз қоюға немесе пішуге болады. Оны уақытыңда білудің клиникалық маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет