Тыныс алу жүйесін графикалық әдіспен зерттеу. Графикалық зерттеу әдістерінің ішінен малдәрігерлік салада тыныс алу жүйесін зерттеу үшін екі тәсіл қолданылады: пневмография және ринография.
Пневмография - көкірек қуысының тыныстану қозғалысын пневмограф көмегімен жазу. Оның сырт түрі үлкен Мареев капсуласын еске түсіреді, ол жұқа резинамен жылқыда 9-13 қабырғаның ортасында, ал басқа малдарда 7-10-шы қабырғаға бекітілген. Капсулада пайда болған ауа толқыны жіңішке резина түтікшесі арқылы кіші марея капсуласына беріледі, онда жазатын құрал бар, ол жылжымалы кимограф қағазына қисық сызықтар пневмограмманы түсіреді. Сонымен қатар хронографтың көмегімен көкірек қуысы тыныстану қимылының ырғағын, тыныс санын, тереңдігін және де әр түрлі тыныстану аритмиясын анықтауға болады.
Ринография - бұл дем алу, дем шығару кезіндегі ауа қозғалысының ағынымен тыныстануды жазу. Осы мақсатпен екі танау тесігінің біреуіне шыны воронканы тығыз жақыңдатады. Ол резина түтікше арқылы Мареев капсуласына жалғанған, жазу құралы бар. Ауа ағыны жазу құралында толқын тудырады, сол кезде кимограф лентасында қисық сызықтар ринограмма пайда болады. Осы лентаға ринограммамен бірге уақыт белгілері жазылады.
Ринографияны қолдану малда тыныс алу өзгешеліктерін толық анықгауға мәлімет береді (саны, ырғағы, ісүші, тыныс алу мен шығарудың ұзақтығы) және ауру кезінде диагноз анықтауға көмегі зор.
Тыныс алужүйесін функционалды зерттеу әдістері. Тыныс алу жүйесінің функционалды қабілетін анықтау үшін төмендегі екі әдісті қолданады.
1. Жеңіл шабыс (жетілдіру) әдісі. Жылқыда тыныш тұрған кезінде тыныстану қозғалысының 1 минуттағы санын санап алады. 1 Сонан соң жылқыны жеңіл шабыспеп 15 минут желдіртеді, желдірткеннен кейін қайтадан тыныстану санын және қалыпты жағдайға жеткенге дейінгі уақытын анықтайды. Дені сау жылқыда I желдірткеннен кейін тынысы сәл ғана жиіленеді (1 минуттағы 20 - 24 тыныс алу қозғалысы).
Тыныстану ағзаларының функционалды жетіспеушілігінде, 1 желдіргеннен кейін бірден тыныстың жиілегені байқалады (1 минутте 45-ке дейін) және көп уақытқа дейін қалыпты жағдайға келмейді (20 - 30 минут аралығында).
Достарыңызбен бөлісу: |