«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Ректоскопия (тік ішек арқылы көріп қарау)



бет62/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Ректоскопия (тік ішек арқылы көріп қарау). Бұл әдіспен зерттеудің маңызы зор, өйткені осы әдіспен тексеру арқылы тік ішектің қабынуын, жарылуын, жарасын, әртүрлі ісіктерін, соныменқатар бөтен өзгерістерін анықтауға болады.
Сондықтан бұл әдісті клиникалық практикада пайдалануерекше болып есептелінеді. Бұл әдіс негізінен арнайы аспап ректоскоп арқылы жүргізіледі.
Жылқы ішектерін зерттеу. Жылқы ішектерін сырттай зерттеу өте ыңғайлы, өйткені ащы ішектер құрсақ қуысының сол жақ қапталында, ал тоқ ішектер оң жақ қапталының төменгі жақ бетінде орналасқан. Жылқы ішектерін зерттеу әдістері, сиырды зерттегендей, бірақ жылқы мен сиыр ағзаларының өзара орналасуы мен байланысу өзгешелігіне қарай кейбір ерекшеліктері бар.
Ішектерді жалпы әдістермен зерттеу. Қарау арқылы мал ішінің пішінін, орналасуын, тік ішек күйін, нәжіс шығару процесін және т.б. анықтайды.
Жылқы ішегін сипау арқылы зерттеу құрсақ қуысы қабырғасының қалындығы және бұлшық еттерінің өте қатты, күшті болуына байланысты өте қиынға соғады, сондықтан сипау әдісі тек қана тік ішек арқылы жүргізіледі.
Перкуссия әдісі арқылы зерттеу көп нәтиже бермейтіндіктен оны көп пайдаланбайды, дегенмен де соның әсерінен әртүрлі дыбыс өзгерістерін ажырата білуге болады.
Аш ішекті перкуссиялау - сол жақ қапталынан іштің ортаңғы аумағының мықынға жақын және аш бүйірі тұсынан жасалады. Сол себептен сау малда бәсеңдеу-тимпаникалық немесе бәсең дыбыстар естіледі. Перкуссия процесі төмендегідей: үлкен жиек ішекті-сол жақ қапталының қақ ортасынан, ал кіші жиек ішекті жоғарғы жақ тұсынан перкуссиялайды. Ол кезде нақты бәсеңдеу және бәсең дыбыстарды байқаймыз. Ішектер желге толғанда перкуссия дыбысы атимпаниялык, ал тоқ ішек жынының артқа қарай жылжымай тоқтап қалған кезінде нақты бәсең дыбыс байқалады.
Жылқы ішегін тындау екі түрлі әдіспен жүргізіледі құрал-жабдық арқылы және тікелей құлақпен есту. Бұл кезде, ішектен бөтен ағзалардың шуылдарын қоса естуге болатындықтан, аса мұқиятпен көңіл бөлген дұрыс. Сондықтан оның ерекшеліктерін біле отыра, ажыратып алу керек. Мысалы: аш ішектің қозғалу және жиырылу кезінде сұйықтың алмасуы мен сылдырауын естуге болады, ал тоқ ішектен-шұрқыраған, тарсылдаған, мысықтың пырылындай дыбыстар байқалады, бірақ олар алыстан шығатын сияқты болып көрінеді. Осыған байланысты патологиялық өзгеріске ұшырағанда осы айтылған шуылдардың күшеюі, әлсіреуі және немесе тіптен мүлдем болмай қалуы мүмкін. Ішекте жел пайда болғанда немесе кепкен кезде оң жақ мықын аумағынан су тамшылап тұрғандай дыбыс естуге болады.
Сау жылқы күніне 10 рет нәжіс бөледі және оның пішінісопақша, дөңгелекше тәрізді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет