Қазақстан коммунистік партиясы Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.