Қазақстанның патроиоттар партиясы Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың
денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс
сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.