Қостанай қаласы, 2020-2021 оқу жылы.
ҚР Конституциясы – ел тірегі Мақсаты: 1. Еліміздің Ата заңың құрметтеуге әрбір жас жеткіншекті өмірдегі өз құқығын, міндеттерін білуге, Ата заңың сыйлауға, достық қарым - қатынасты қалыптастыруға, кез - клген мәселені әділ шешуге, ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.
2. Оқушыларды құқықтық сауаттылыққа, ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
3. Патриоттық тәрбие беру.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ. Ой қозғау
Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.
Ата Заң Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда –
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда -
Күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
(Балалардың жауабы тыңдалады)
Викториналық сұрақтар беріледі:
1. Конституция сөзінің аудармасы қалай? (құрылым, өкілім) 2. ҚР - да мемлекет билігінің бірден - бір бастауы? (Халық) 3. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан) 4. Мемлекеттік бас құжат (Конституция) 5. Мемлекеттік елтаңбаның авторы? (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков) 6. Дүниежүзіндегі тұңғыш конститутция қай жылы пайда болды? (АҚШ 1787) 7. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 ж 20қарашада БҰҰ - ң бас ассамблеясы қабылдады) 8. Егемендік алғаннан кейін ҚР - да конститутция қанша рет қабылданды? (2рет; 1993ж 28 қаңтар, 1995ж 30 тамыз) 9. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата? (парламент) 10. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік) 11. ҚР - ның төл теңгесі қашан қолданысқа енді? (1993 ж 15 қараша)
12. ҚР - ның жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 ж 6қаңтар) 13. ҚР конститутциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады?
( 9 бөлім, 98бап) 14. Еліміздің мемлекеттік тілі (қазақ тілі ) Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.
Ата заңың-мерейің,
Мәртебең мен беделің.
Ата заңмен өркендеп,
Өсіп, өрлей берейін!
Сараптама
Викториналық сұрақтар іс шарасы 5 сыныптар арасында өткізілді. Шара қашықтық оқытылу барысында өткендіктен сынып сағатының видеочаты арқылы жүргізілді. Іс шараның негізгі мақсаты: Еліміздің Ата заңың құрметтеуге әрбір жас жеткіншекті өмірдегі өз құқығын, міндеттерін білуге, Ата заңың сыйлауға, достық қарым - қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, сонымен қатар құқықтық сауаттылыққа, ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту, қабілеттерін шыңдауға үйрету.
Негізі іс шара екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Ата заңымыз туралы өлеңді оқып, оқушыларда ой қозғау болды. Негізгі қойылған өлеінің мағынасын ашу және Ата заңымыз туралы не білетіндері туралы ортаға салу, ой қозғау, пікір таластыру. Бұл бөлімде оқушылар жақсы қатысты. Ата заңымыз бізді қорғайтын, әділ, халық үшін жасалған, шыңдық үшін күресетін, т.б. құжат деген жақсы ойлар айтылды.
Екінші бөлімде оқушыларға викториналық сұрақтай қойылды. Викторина 14 сұрақтар құрылған. Сұрақтар оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп құрастырылды. Бұл кезеңде оқушылар әрине сұрақтардың бәріне толық жауап бере алмады. Әсіресе қиналған сұрақтары: «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?, Дүниежүзіндегі тұңғыш конститутция қай жылы пайда болды?,ҚР - ның төл теңгесі қашан қолданысқа енді?.
Жалпы іс шара оқушылар үшін қызықты өтті. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға құлшыныстары, өзара қарым қатынастары жақсы екендігі байқалды.