Виртуалды зертхананың артықшылықтары
Заманауи электронды жаттықтырғыштар мен симуляторларлардың бірегей топтамасы физика, химия, биология, математика және география пәндерін қызықты өткізуге көмектеседі. Виртуалды зертхана симуляторлары – күрделі ғылыми құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндіруде оңтайлы көмекші.
Инновациялық симуляторлар мен жаттықтырғыштар кешені – бұл тиімді білім беруге арналған таптырмас шешім.
Бағдарламаның артықшылықтары:
виртуалды зертхана студенттерді ынталандырады және олардың білімдерін бір жүйеге келтіреді;
күрделі ұғымдар мен ғылыми құбылыстар қарапайым тілде түсіндіріледі;
өз бетінше, сондай-ақ оқытушымен бірге тәжірибе жасауға мүмкіндік береді;
әдіскер-мұғалімдер үшін қызықты курстар ашуға шексіз мүмкіндіктер береді;
Виртуалды зертхана ақпараттық және танымдық сабақтар өткізуде көмекші және визуалды ойлауды дамытатын қосымша құрал бола алады.
Компьютер виртуалды процесті бақылағандықтан, әр түрлі енгізу мәндерімен бірқатар тәжірбиелерді қатаржүргізу мүмкіндігі;
Электронды форматта нәтижелерді енгізу үшін уақыт пен ресурстарды үнемдеу;
Университеттің (колледждердің немесе мектептердің) зертханаларында жұмыс істеу мүмкіндігі жоқ болған жағдайда, виртуалды зертхананы қолдану өте тиімді.
Виртуалды зертханаларстуденттің қабылдау,түйсіну механизмдерін арттырады. Бұл кезде студенттердің ақпаратты қабылдау процесі тек көру,есту көмегімен ғана емес, сонымен қатар, сипап сезу арқылы да жүзеге асырылады. студенттер тек қанатеориямен шектелмей,виртуалды зертханалармен де жұмыс жасаса олардың білімдері нығая түседі деп ойлаймын. Өйткені тек істу арқылы қабылдаған ақпаратқа қарағанда, көзбен көру,ұстап көру арқылы қабылданған ақпарат есте қалады деп ойлаймын. Көлемі үлкен, салмағы ауыр және бағасы қымбат қондырғыларға қарағанда, виртуалды зертхана тиімдірек деп санаймын. Өйткені
қауіпсіз,әрі тиімді.
Виртуалды зертхананың кемшіліктері
-Студенттер зертханалық жұмыстарды жүргізу барысында қолмен ұстап, сезінбейді;
-кейбір химиялық реактивтерді қолмен желпіп иісін сезу мүмкіндігі болмайды;
-пробиркаларды реакция жүру барысында сыртынан ұстап жылу бөліну немесе жылу сіңірілу процестерін байқай алмайды;
- қолмен ұстап жұмыс жасау дағдысы төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |