Бірспиралды РНҚ-вирусы қатарына жатады. Бұл инфекция қан құюды, вена ішілік иньекцияларға (наркомандарда), ағзалар трансплантациясына байланысты дамиды. Клиникалық ағымы жеңіл болғанымен 30-60% жағдайда созылмалы гепатит түрінде өтеді, сондықтан гепатит С-дан кейін бауыр циррозы немесе гепатоцеллюларлық рак дамуы мүмкін.
Инкубациялық кезең – 2-26 апта. Ауру сыртқы клиникалық көріністерсіз өтеді, бауырдың зақымдануы дамиды. Сарғаю көп жағдайда тән емес. Жедел формасы кезінде науқас құсады, жүрегі айныйды, буындары қақсайды, астың қорытылуы бұзылады. Қауіптілігі 70-80% жағдайларда аурудың жедел формасы созылмалы түрге айналуында. Ол өз кезегінде бауыр рагіне немесе циррозына әкелуі мүмкін. Ең қауіптісі гепатиттің басқа түрімен бірігіп көрініс беруі, ол өлімге әкеледі.