Түрі: Шалқан ақ көбелек. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 20-30 мм. Жаздағы тіршілік уақыты: маусымның басы тамыздың ортасы. Биотоптар: далалы, көгалды жерлер. Қоректенетін өсімдіктері: қырыққабат, шалқан, крестгүлділер т.б. Негізгі белгісі: қырыққабат зиянкесі. Шалқан көбелегі – жұмыртқасын қырыққабат жапырағына салады. Артқы қанатының төменгі жағы сарғыш түсті. Жұлдызқұртының түсі ашық жасыл түсті. Қуыршағы ашық жерлерде дамиды.
Түрі: бұршақ ақ көбелегі (Leptidia sinapis L). Түсінің ерекшелігі: аталықтарының қанатының үстінде қара түсті жолақтар бар, ал аналықта мұндай жоқ.
Жаздағы тіршілік уақыты: мамыр айының ортасы мен тамыздың ортасы. Биотопы: көгалды жерлер, шалғындық жерлер. Қоректік өсімдіктері: жоңышқа, бұршаққап, көгалдық беде. Бұл көбелектер сондай үлкен емес, қанаттарының ұзындығы 2.5-3 см. Аналықтарының қанатының үстіңгі жағында қаралтқым жолақтар бар. Олар сондай асықпай ұшады және көп қорықпайды. Жұлдызқұрттардың даму сатысы бұршақ тұқымдастарында жүреді.
Түрі: Зорька (A. Cardamines L). Сурет 5.
Алдыңғы қанатының ұзындығы: 1,7-2 см. Ұшу уақыты: мамырдың ортасы- шілденің аяғы. Биоорындары:сулы және шалғынды жерлер. Қоректік өсімдіктері: мойыл, жабайы алма, және т.б мәдени өсімдіктер, бақ-бақ, шайқурай, жұлдызшөп. Аталығында алдыңғы қанаттарының үстіңгі жартысы қою тоқ сары, ал аналығыныкі ақырын байқалатын қара суретімен. Әсіресе таңертеңгі 10-11 кезінде белсенді. Аналығы жабайы шаршы жапырағының төменгі жағына жұмыртқа салады. Жұлдызқұрттар да осы өсімдіктерде дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |