Аталығы қанат астынан ақшыл – сұр, ал аналығы ақшыл – қоңыр, жиек ойығы мен көзшелерінің қатар арасында ақ жағынды дақтар бар. Аналығы ноқат өсімдіктерінің жапырағына 50-70 жұмыртқа салады. 3-4 күннен кейін, беде жапырақтарын жейтін жұлдызқұрттар пайда болады. Біз екі ұрпақты анықтадық, мамыр – маусымда және шілде – қыркүйекте, екінші ұрпағы біріншіге қарағанда анық түсті. Кең таралған түр.
Түрі: Қымыздық червонец ( P. hippothoe L.)
Қоректік өсімдіктері: қымыздық, шалғындық бедесі, жоңышқа және шайқурай, міртамыр, қырықбуын. Қанат қағысы - 2,8 – 3,5 см. Бұл түр бізге әрқашанда қол жетерлік болды, себебі ол бау- бақшадағы қымыздықта тіршілік етеді. Аталығының үсті отты – қызыл түсті, сия көкшіл және ортасында қара нүктесімен, ал аналығында үсті сұр, артқы қанатында қызғылт сары сызығымен ерекшеленеді. Артқы қанат асты екі қатар қара нүктемен жиегінде және осы қатарлардың арасындағы тоқ сары сызығы бар. Аналығы қымыздық жапырағының төменгі жағына 40-60 жұмыртқа салады. 2 күннен кейін жұлдызқұрттар пайда болады. Қуыршақ белдеулі. Маусым – шілде айларында ұшады, көбінесе ылғалды жерлерде болады. Кең таралған.
3.4 Нимфалидтер тұқымдасына мінездеме (Nimpholidae)
Ірі, мұртшалы, көпшілігі қанықбояулы көбелектер. Оларды 2 тұрақты белгілері арқылы оңай тануға болады. Олардың алдыңғы аяқтары тырнақтысыз, аяқтары өте қысқарған және қалың түктермен қапталған, сонымен қатар қанаттарында ешқашан ешбір жүйкесі қалыңдамайды. Осы топтың көптеген көбелектері, өздерінің ірі пішінімен және түрлі – түсті қанатты суреттерімен әйгілі болып отыр. Қанаттарының суреті әдетте дақты, қара бояуда ұштасқан сары немесе қызыл түсті, әлде сары немесе қызыл болуда ұласқан қара түсті болғандықтан құрғақ жапырақтармен, ағаш діңімен, кей жағдайда топырақпен ұқсас болып келеді. Орташа және ірі пішінді жұлдызқұрттардың денесінде тікендері немесе жұмсақ өскіндері болады; ашық шөптесін (қалақай, шегіргүл) және ағашты өсімдіктерде (қайың, тал, терек) тіршілік етеді.
Түрі: Қалақайша (A. Urticae.) Сурет 9.
Ұшатын уақыты: маусым – шілде. Биотоптары: шалғын мен саябақтар. Қоректенетін өсімдіктері: жай таңқурай, екіүйлі қалақай, күйдіргіш қалақай, үш түсті шегіргүл, бақ-бақ, мыңжапырақ, көкбояу. Үстіңгі қанаттары қызыл кірпіш түсті, қара дақты, жұп көмкермесінде көк дақтары болады. Алдыңғы қанатының ұшында ақ дақ бар. Самғағанда қанатының ұзындығы 4-5 см. Маусым – шілдеде ұшады, көбелектің екінші ұрпағы тамызда пайда болып, қыстап шығып, ерте көктемде ұша бастайды. Жұлдызқұрттары қалақайда тіршілік етеді. Барлық жерде тараған.
Түрі: Таспалы камилла (L. Camilla L.)
Маусым – тамыз айларында ұшады.. Биотоптары: шалғынды жерлер. Қоректенетінөсімдіктері: қайын, терек, қалампыр, қоңыраубас. Қанаттарының үсті қара, өзіне тән ақ дақтары болады. Артқы қанаттарының астынан шеті мен ақ күзен арасында екі қатар қара нүктелері бар. Біздің байқауымызша ересек формалары қоректенбейтін сияқты, себебі олар ешбір гүлге қонған жоқ. Олар таңғы уақытта қайынның, теректің жапырағында белсенді болады. Біз осы ағаштардың астыңғы жағынан 30-40 дана жұмыртқа тауып алдық. Имаголары мауым – тамызда ұшады.
Түрі: Үлкен перламутровка (A. Paphia L.) Сурет 10.
Алдыңғы қанатының ұзындығы: 2-3 см. Ұшатын уақыты: маусым – қазан. Биотоптары: жайлау, шалғын, саябақтарда кездеседі. Қоректенетін өсімдіктері: жай таңқурай, екіүйлі қалақай, күйдіргіш қалақай, үш түсті шегіргүл. Аталығының үсті сарғыштау, аналығы қызғылт – сарғыштау, жасыл түстес болады. Қанатының астында да сарғыштау. Аналығы 40-60 дана жұмыртқа салады. Жұлдызқұрттары шегіргүлде, раушангүлділерде және т.б өсімдіктерде тіршілік етеді. Қуыршағы ілініп тұрады. Біз екі ұрпағын ерекшеледік – маусым – шілде, қыркүйек – қазанда. Барлық жерде таралған.
Түрі: Перламутровка (Agunna – A adippe L.)
Алдыңғы қанатының ұзындығы: 2-3 см. Ұшатын уақыты: маусым – тамыз. Биотоптары: жайлау, шалғынды жерлер. Қоректенетін өсімдіктері: жай таңқурай, екіүйлі қалақай, күйдіргіш қалақай, үш түсті шегіргүл.Самғағанда қанатының ұзындығы 4-6 см. Артқы қанатының астыңғы жақ шетінде қараңғылау сызықтары мен дақтары байқалмайды. Ортасында ешқашан қара дақтар болмайды, ал ақшыл дақтары күміс түстес болады. Маусым – тамызда ұшады. Жұлдызқұрттары шегіргүлде тіршілік етеді.
Түрі: Тауыс көз (I. Io L.)
Алдыңғы қанатының ұзындығы: 2,5 – 3,5 см. Ұшатын уақыты: маусым – қыркүйек. Биотоптары: таулы аймақтарда кездеседі. Қоректенетін өсімдіктері: жай таңқурай, екі үйлі қалақай, күйдіргіш қалақай, үш түсті шегіргүл, жалынгүл, бақ-бақ, шайқурай. Сыртқы қанаттарының түрлі – түстілігімен көзге түседі. Қанаттың үстіңгі беті қызғылтым – коңыр. Әр қанатында үлкен көз тәрізді дақ болады. Самғағанда қанатының ұзындығы 5-6 см. Көктемде қыстап шыққан көбелектер ұшады. Бірінші ұрпағы маусым – шілдеде, екіншісі тамыз – қыркүйекте. Жұлдызқұрттары қалақай мен құмақта тіршілік етеді. Таулы аймақтарда кең тараған.
Достарыңызбен бөлісу: |