Внутривузовская студенческая



Pdf көрінісі
бет8/111
Дата10.11.2023
өлшемі1,56 Mb.
#190841
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   111
Байланысты:
sbornik-26.02.2020

Зерттеу нәтижесі. 
Құлаққапты
жиі пайдаланатын зерттелушілерге камертон 
арқылы
ішкі құлағының дыбысты қабылдау дәрежесін анықтау үшін тәжірибе 
жасағанда, олардың көпшілігі естімейтіндігін айтты. Бұдан шығатын қорытынды 
– 
құлаққапты жиі тыңдау кереңдікке ұшыратады. Зерттеулер барысында анықталғаны 
– 
қазіргі кезде жастар арасында бір адам қолданатын құлаққапты бірнеше адам кезек 
қолдануы. Бұл әртүрлі жұқпалы аурулардың таралуына, отитке әкеледі. Себебі, 
бірнеше адам қолданғаннан кейін құлаққапқа микроорганизмдер жабысуы артады, 
екіншіден,
құлақтан бөлінетін шырышты зат
микроорганизмдерді жабыстырып 
алады немесе құлаққа жиналып қалады. Зерттеуден шығатын тағы бір нәтиже 
– 
ол 
құлаққапты ұялы телефонмен бірге қолданғаннан кейін одан радиотолқын таралады, 
ол өз кезегінде құлақтың есту қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Біз тәжірибе 
барысында өзіміздің гипотезамызды ұсынғымыз келеді. Ол құлаққаптың 
құрылысына негізделген. Онда дыбысты шығару үшін магнит орналасқан. Егер 
магнит ұзақ уақыт бойы дыбыс шығаруына қатысатын болса, одан электр өрісі пайда 
болуы мүмкін. Әрине, ол аз мөлшерде болғанымен ұзақ уақыт қолданса электр өрісін 
көбейтіп жіберуі мүмкін. Ол өз кезегінде адам ағзасында радиацияның жиналуына 
әкелуі мүмкін.
Зерттеудің барысы бойынша анықталғаны ол ұзақ уақыт қатты дыбыс 
құлаққа әсер ететін болса, ол миға да өз әсерін тигізеді. Біріншіден дыбыс, екіншіден 
ұялы телефондағы радиация мен радиотолқын әсері бірте
-
бірте ұмытшақтыққа 
әкелуі мүмкін. Ұмытшақтықты қазіргі кезде Альцгеймер ауруы деп атайды. Бұл
ауру бұрынғы кезде тек қарт адамдарда болса, қазіргі кезде жастар арасында да 
кездеседі. Паркинсон ауруы да кездесуі мүмкін, алайда оның этиологиясы әлі 
зерттелу үстінде. Зерттеу барысында құлаққапты ұзақ уақыт қолданғанда адамда 
стресс те пайда болуы мүмкін. Себебі, дыбысы жоғары музыканы қосқанда ол бірден 
әсер етеді, ал ұзақ уақыт жоғары дыбысты тыңдаған адамда шыдамсыздық, тез 
ашуланшақтық пайда болады. Ғылыми жетекші Шакетова А.Ш. айтуы бойынша, 
қазіргі кезде адамдар стресске жиі түседі, ешқандай жанжал болмаса да өздігінен 
стресске түсуі осы ұялы телефон мен құлаққапты жиі қолданудан деп есептейді.
Біз 
зерттеу барысында қала адамдарына кітапшалар таратумен қатар, олардың 
пікірлерімен бөлістік. Сұхбаттасқан адамдардың 90 % адамдар құлаққапты жиі 
қолданатынын айтса, жартысы 5
-
6 сағат қолданатындарын жеткізді. Қалған 10 % 
адамдар тек керек кезде қолданамыз деген пікірді айтты, кейбірі 
қолданбайтындарын айтты.
Қорытынды. 
Біз зерттеу барысында құлаққапты дұрыс қолдануды және оның 
зиянын біліп, дер кезінде әсіресе балаларды қорғауға шақырамыз. Құлаққаптың
өзін 
қолданарда 90 спиртпен өңдеп отыру керек, ол әртүрлі микроорганизмдерден 
қорғайды. Құлаққаптың арнайы қорабы болуы керек. Сонымен қатар, құлаққапты 
күніне 2 сағаттан артық тыңдауға болмайды және жаяу жүргенде де қолданбаған 
дұрыс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет