ӘОЖ 612.17 МЕМБРАНАТҰРАҚТАНДЫРУШЫ ЗАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН КЛИНИКАҒА ДЕЙІН ЗЕРТТЕУ Алдиарбек Ф.Е,Темірханов М.Ө Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д. Амиркулова М.К. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Алматы қ., Қазақстан Республикасы Өзектілігі: Әлемдегі
өлім статистикасы бойынша жүрек
-
қантамыр,
онкологиялық, тыныс алу ағзаларының аурулары, травмадан кейін, өлім
себептерінен
5-
ші орында тұрған дәрілік заттар туғызатын қолайсыз факторлар
болып табылады, яғни дәрілік заттардың жанама әсерлері. Осыған байланысты тек
тиімді дәрілік заттар ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз препараттар табу қазіргі
заманның өзекті мәселесі болып табылады.
Мақсаты: Дәстүрлі препараттармен
салыстыра отырып пиперидиннің
жаңа
туындыларының қауіпсіздігін
зерттеу, яғни тері тітіркендіргіш әсерін және
аллергиялық әсерін бағалау арқылы ең қауіпсіз қосылыстарды таңдау.
Материалдар мен зерттеу әдісі: Қазақстан
Республикасының Ә. Б. Бектуров
атындағы химиялық ғылымдар институтында алынған лабораториялық шифрлар
бойынша алынған MAB
-
205, MAB
-
206, MAB
-
207, MAB
-
208, MAB
-
209, MAB
-210
жаңа пипередин туындылары, КазНМУ Виварий шартында стандартты диета
жағдайында өсірілген альбинос теңіз шошқалар мен қояндар. Зерттеу әдісі Қазақстан
Республикасының Фармакологиялық комитетімен
бекітілген және әдістемелік
ұсыныстарға сәйкес жүргізілді.