Байланысты: 9 Аманқұл Берік Арыстанбекұлы ВОЛЕЙБОЛ 22222rd
Ойыншылар мен команда әрекетінің нәтижелігін анықтау әдісі Ойыншылар мен команданың әрекет коэфиценті-бұл шартты түсінік, яғни бұл ойыншылардың әрекет санымен анықталады. Ойыншылар әрекетіне әртүрлі жағдайлар әсері (қарсыластың әрекеті, техникалық әдістің немесе тактикалық комбинацияның орындалуының қарапайым немесе күрделі болуы, қабылдауда допты жеткізу сапасы, шабылдаушы соққыға доп беру т.с.с) ескеріледі. Бұл әрбір ойыншының әрекетін тиімді, дұрыс бағалау үшін керек. Кейде ойыншы партия басында бірнеше ұпай жеңілуі мүмкін, бірақ екі-үш доппен партия аяғында жеңуі мүмкін, нәтижені жеңіспен анықтап немесе керісінше. Әрбір ойыншыны ойынға 10 есепке дейін және кейін 10-ға дейін жазып салыстырып қадағалау қызықты.
Барлық коэфицентті ойыншының әрекетінің жалпы санынан алып тастайды. Сонымен бірге басқа, екінші доп берудің дәлділігі, пайдалы тосқауыл қою, допты қабылдағандағы допты жеткізу сапасымен анықталатын толықтырушы жіктеме болуы мүмкін.