2. Дайындықтың негізгі формалары Дайындықтың негізгі формалары болып волейболшыларда спорттық дайындық пен жарыстық дайындық саналады. Олар өзара байланысқан дегенмен, басқарудың негізгі функциясының мазмұнын анықтайтын арнайы ерекшеліктері бар. Осыған байланысты дайындықты басқару екі бөлімге бөлінеді:
- жаттықтыру процессі мен сайыс дайындығын басқару;
- жарыс процесінде команданы басқару.
2.1. Жаттықтыру процесін басқару Жаттықтыру процесі спорттың дайындық жүйесінде негізгі орын алады. Жақсы басқару үшін жақсы, сәтті ұйысдастыра білу керек, ол аз уақыт шығымдауда үлкен әсер беретін болуы қажет.
Бұл міндетті жаттықтыру процесін басқарудың негізгі функциясының мазмұнын терең білу және оны практикада творчестволы пайдалану негізінде ғана табысты шешуге болады. Басқару функциясының негізгі мазмұны келесіге тіреледі.