Мұғалім мен оқушы – әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесінде көру керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекеттің тәрбиеленушіге сәтті ықпал ететіні сөзсіз сенеді. Алайда баланың бағынуы, келісімі, эмоциясы, іс-әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері байланысты түсініп, қабылдауы өте маңызды.