Байланысты: 6.11.20 ж. Педагогикалық шеберлік негіздері 4
Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай: 1. Әңгімені қалай бастауды білушілік. 2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжу. 3. Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер. 4.Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттілігі жайлы түсінік. 5. Қарым-қатынас жүйесіндегі бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені-онша айқын еместік. 6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық. 7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, козғалыстың, жалпы мінез-құлықының ерсілеу сияқты болып сезілуі. 8. Қарым-қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі. 9. Өзіңізді дұрыс түсіну үшін жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық. 10.Таңдаушыны қызықтыра тырысу. 11. Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
Қарым-қатынас деп аталатын процесс - аса кең және сиымды түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады. «Әлемнің кең алқабында коммуникация алып аспан денелерін бір-бірімен байланыстырады деген жорамал бар және Лермонтовтың «жұлдыз жұлдызбен тілдеседі» деген метафорасы осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады» Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып, қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: «не айту керек, қай жерде айту керек және қалай айту керек». Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды, себебі «небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар мен лебіздер түрін ұстануға жол береді»