Осы препараттардың тобы ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлы синдромда тек ауырсыну синдромының болуы мен САҚ>90 мм.с.б.б. Болғанда тағайындалады. Тамырішілк енгізу басқа формаларына қарағанда ангинозды ауырсынуды басу және ST сегментінің депрессиясының регрессиясында тиімдірек. Препараттың мөлшерін АҚ қатаң бақылауымен, стенокардия ұстамасы жойылғанша, ал артериялық гипертензиясы, жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда- АҚ қалыпқа келгенше немесе жағымсыз әсерлері пайда болғанша жоғарлатуға болады. Жедел коронарлы синдромда тағайындалатын қандай перапарттар тобы жайлы айтылып тұр?
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 37 жастағы науқас келіп отыр. Науқас жедел ревматикалық қызбаны басынан өткерген. Қосымша зертханалық-инстурментальды әдістері инфекциядан 1 ай өткеннен кейін формуланың солға ығысуымен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, СРА пайда болуы, сиал қышқылы, фибриноген, α2 и γ-глобулиндер мөлшерінің жоғарлауы, антистрептокиназа >1:300, антистрептолизин >1:450 анықталды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақша хордалары мен жармаларынан ЭХО-дабылдың қалыңдауы мен "жалбырлығы" , қақпақшаның артқы жармасының қозғалғыштығының шектелуі анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?