Telegram – тілдесудің жаңа құралы Майл.ру, Фейсбук, Вконтакте — қалай өмірге келгені, қандай қызмет ұсынатыны барлығына белгілі. Енді назарда — Telegram. Apple-ден кетіп, оған бәсекелес компания құрған Стив Джобстың карьерасын қайталаған ресейлік бағдарламаушының жобасы туралы толығырақ таныстырамыз. Телеграм – 2013 жылы жарық көрген әлеуметтік желі. ВКонтактінің негізін қалаушы Павел Дуров келіспеушіліктерден кейін компаниядан кеткен соң қауіпсіз деп танылатын сервисті дүниеге әкелді. Әлемнің 50-ден астам мемлекетінде қолданылады.
Офисі Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында болғандығына қарамастан телеграм командасының орталығы ол жерде емес. Telegram-ның бас-офисі Берлинде орналасқан. Себебі, сервис өкілдерінің айтуынша, Германия аумағында орналасу оларды арнайы қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз етеді.
WhatsApp-ты фейсбук сатып алғаннан кейін, қолданущылардың көбісі басқа ыңғайлы мессенджерге ауысу қажет деп тапты. Осы жылдың ақпан айының көрсеткіші бойынша Телеграм Чили, Мексика, Италия, Испания, Германия, Нидерланды және Таяу Шығыс елдерінде көш бастап тұр. Осылайша аз уақыт ішінде жаңа желі үлкен жетістікке жетті.
Telegram-ды барлық хабарламалар бұзып кіруден қорғалған. Осы функциясы арқылы кеңінен танымал болды. Қолданушыларының мәліметтерін америкалық бақылау қызметіне ұсынады дейтін Facebook тәрізді жанжалдарға жолай қойған жоқ. Террористік ұйымдардың көпшілігі де Telegram каналдары арқылы байланысады деседі. Дегенмен мамандардың сөзінше, сервис барлық хабарламаларды құпияландырмайды. Сіз тек белгілі бір фунцияны қосқаннан кейін ғана ақпаратыңыз сақталған болып есептеледі.
Толығырақ айта кетсек, құпия чаттар – екі адам ғана қатыса алатын Telegram-дағы арнайы чат түрі. Ол жоғары қауіпсіздендірілген. Құпия чаттағы хабарламалар Telegram серверлері арқылы жіберілген болса да, хабар жеткізілгеннен кейін бірден өшіп отырады. Чаттың екі қатысушыларының байланыс құралдарында ғана сақталады. Құпия чаттарда қабылданған суреттерді сақтауға болмайды. Бірақ өзгеруі мүмкін. Оның орнына скриншот жасауға тыйым салынады.