WhatsApp, Telegram тб мессенджерлер, олардың мумкиндиктері



бет7/7
Дата08.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#98352
1   2   3   4   5   6   7
Instant View технологиясына арналған. Instant View – мақала, жаңалық, блог немесе кез келген тексті оңай оқуға арналған технология. Ерекшелігі сайттағы артық нәрселердің бәрін алып тастап (жарнаманы да), тек тексті оқуға ыңғайлы етеді. Бұл бот сіздің кез келген мақалаңызды Instant View-ге айналдырып береді. Тек мақаланың сілтемесін жіберсеңіз болғаны. Сонымен қатар оқығыңыз келетін мақалалардың сілтемесін интернет бар кезде жіберіп қойып, интернетсіз немесе метрода болған сәттерде ашып оқуға мүмкіндік бар.
Сілтеме: https://telegram.me/chotamreaderbot

Music Downloader – музыка жүктеуге арналған бот. Қалаған музыкаңыздың сілтемесін көрсету арқылы, қалаған аудионы жүктей аласыз. Бұл telegram-bot тек Youtube және Soundcloud сервистерімен жұмыс жасайды.
Сілтеме: https://telegram.me/music_downloader_bot

Инстаграмда видео мен фотоны тікелей жүктеу мүмкін емес. Бірақ InstaSave арқылы өзіңізге ұнаған кез келген фото мен видеоны телефоныңызға жүктей аласыз. Бар-жоғы ұнаған фотоның сілтемесін InstaSave ботына жібересіз, сізге 3 секундтың ішінде фотоны өңдеп береді. Сіз оны қиындықсыз жүктей аласыз.
Сілтеме: https://telegram.me/instasave_bot

Келесі telegram-bot кітапқұмарларға арналған. Flibusta Book ботына жай ғана іздеген кітабыңыздың атын немесе авторын жазсаңыз болды. Сізге fb2, epub, mobi форматтарында кітабыңызды тауып береді. Қалаған кітабыңызды жүктеп алып, оқыңыз.
Сілтеме: https://telegram.me/flibustafreebookbot

KazPostBot – Қазпоштаның көмегіне жиі жүгінетіндерге таптырмас құрал. Бұл бот арқылы Қазпоштаның қызметін қолдана отырып:

Сілтеме: https://telegram.me/KazPostBot

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет