Telegram конкурсы жеңімпазсыз аяқталды Құрастырушылар Телеграмды барынша қауіпсіз әрі сенімді мессенджер ету үшін барын салуда. Наурыз айында сыйлық қоры 200 мың доллар құраған үш айлық конкурс өткізілді. Мақсаты – ағайынды Дуровтардың хабарламаларын ашып, хаттан жауап беруге қажетті электронды поштаның мекен-жайын табу.
Жеңімпаз табылды, бірақ ол тапсырманы толығымен орындай алмады. Қауіпсіздіктің бір осал тұсын тапқанымен де, хатты ашып оқи алмады. Нәтижесінде сыйақының тек жартысын иеленді. Осы жолмен Телеграм көптеген үлкен қауіпсіздік сақтау мамандарының назарын аударды. Олардың құнды ақылдары мен пікірлерін алды. Сол арқылы өз сервистеріне де жөндеулер енгізді.