1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны



бет49/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1
111 Ісіктер, Саясаттану п ні бойынша тест с ра тары. Барлы ында а жауабы д ры-1
Саяси партиялар. 1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды. 1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзеге асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау. 1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төрағасы – Т.Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды. 1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15. 2001 жылы Қазақстанда 2,5 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым, 16 саяси партия мен қозғалыс болды. Ғасырлар тоғысында республикадағы саяси үрдістердің ерекшелігі саяси элиталардың жіктелуі және келесі партиялардың саяси аренаға шығуы болды: 2000 жылғы 30-қаңтарда І құрылтай съезінде «Ауыл» социал-демократиялық партиясы («Ауыл» СДП) құрылды; 2000 жылы Қазақстан патриоттары партиясы (ҚПП) құрылды; 2002 жылы Қазақстанның демократиялық «Ақжол» партиясы («Ақжол» ҚДП) құрылды. Бұл партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында 1 мандатқа ие болды. 2003 жылғы қазан айында саяси-әлеуметтік саланы дамыту мақсатын алға қойған «Руханият» партиясы тіркелді. 2003 жылғы қазанда негізгі ұстанымы халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында қызмет ету болып табылатын Республикалық «Асар» партиясы құрылып, 2006 жылы «Нұр Отан» партиясының құрамына енді. Қазіргі кезеңде республикамыздағы ең ірі саяси ұйым болып табылатын «НұрОтан» халықтық-демократиялық партиясының көшбасшы арқасында қуатты саяси және идеологиялық тұғырнамасы бар. Партия бірқатар мәселердің шешімін тауып, елдің саяси өмірінде басты рөл атқарып отыр. Бұл партия саясат сахнасында ұйымдастырып жүрген жұмыстарының өз ауқымымен беделін көтеруде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет