37-мәтін
Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның көңіл-күйі, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Қазақ халқының басынан өткен замандары, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тарихқа айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.
Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, оның өмірі мен толғаныстарын баян етіп келе жатқан саласы – ән мен күйі. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп Абай атамыз айтқандай, дүниеге шырылдап әнмен келсе, өмірден өтерде де жоқтаумен қош айтысады.
Халқымыз дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, барлық оқиғаларды ән-әуенмен жеткізе білген.Қыз ұзату, үйлену тойлары, ойын-сауықтардың бәрі де ән-күй аясында өткен. Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмір іздеген Қорқыт, ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби, бейбіт, тыныш өмірді аңсап желмаясымен дүниені кезген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен жеткізді.
Сөйтіп, халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс-тіршілігімен бірге жалғасып келеді.
Өнер-искусство
Халық-народ
Тарих-история
Шежіре-генеалогия
Өмір-жизнь
Тіршілік құбылыстары – жизненные события
Көңіл-күй-настроение
Қайғы-горе
Басынан өткен – пережитые
Замандары – времена
Тағдыр-судьба
Өмір-сүртен ртасы – среда обитания,общество
Әдет-ғұрыптары-образ жизни
Тарихқа айналды – превратилось в историю
Соның ішінде-среди них
Алатын орны ерекше – занимает важное/особое место
Халықпен бірге жасасып – расти вместе с народом
Баян етіп келе жатқан – рассказывающий
Саласы(сала)- разветвление
Жер қойныны – в землю
Дене-тело
Айтқандай – как говорил...
Дүниеге – в жизнь, на свет
Шырылдап-взвизгнуть
Өмірден өтерде- уходя из жизни
Қош айтысады-прощаются
Дүниеге келген – родившийся
Сәби-младенец
Қарсы күресіп-борясь
Өлімге қарсы – против смерти
Мәңгілік-вечный
Ұлы-великий
Ғұлама ғалым – мудрец, ученый
Бейбіт-мирный
Тыныш-тихий
Дүниені кезген – путешествовавший по миру
Үміт-надежда
Арман-мечта
Музыка тілімен – на языке музыки
Жеткізген - доносили
|