3- мәтін
Көшеде бір бейтаныс үлкен адам келе жатады. Оған қарсы тағы бір бала жүріп келеді. Ата:
- Сәлеметсің бе, балам?! Айтып жіберші, шырағым, Абай көшесіне қалай баруға болады? Бала (тоқтайды, күлімсірейді):
- Сәлеметсіз бе, ата?! Ата, ол жап-жақын. Осы бетіңізбен тура жүріңіз, сонан соң оңға бұрылыңыз.
Ата:- Қалай жүруді енді түсіндім. Саған көп рахмет, балам!
-Ата-ау, оның не қиындығы бар! (тағы күлімсірейді). Сау болыңыз!
Ата: -Аман бол, балам!
4- мәтін
Бала өмірінің әрбір кезеңдерінде көптеген салт- дәстүрлер орындалады.Соның бірі – бала тәрбиесіне байланысты салттар. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, болашағы.Сәби дүниеге келгеннен кейін ... тойы өткізіледі.
Баланы қырқына дейін көз тиеді депкөпшілікке көрсетпеген.Баланың туғанына қырық күн туған соң, оны қырқынан шығарады: баланың қарын шашын алады, көп балалы, немере көрген әжелердің бірі 40 қасық су құйып алып, баланы шомылдырады.Баланы шомылдырған әжеге сыйлық беріледі.Бала қырқынан шыққан соң ата-әжесі немесе әке-шешесі бесікке салу тойын жасайды.Бала қырқынан шыққанша, оның нағашыларыалдынала бесік жасатып алып келеді.Баланың әке-шешесі бесік той өткізеді.
Бала жүре бастағанда, тұсау кесер тойы жасалады.Баланың анасы шаруаға икемді, елгезек, құрметті әйелдердің біріне жіп пен пышақ беріп, баласының тұсауын кесуге өтінеді.Әйел енді жүре бастаған баланың аяғын ала жіппен тұсап, жақсы тілектер айтып, тұсау жіпті пышақпен кеседі.Баланың аяғын ала жіппен, тоқ ішекпен түсауда мән бар. Қазақта ала жіп касиетті, адалдықтың белгісі саналған. Өзінің адалдығын білдіргісі келген жан «біреудің ала жібін аттағаным жоқ» дейді. Бұл бала адал болып өссін деген тілектен туған ырым. Ал енді баланың аяғын ток ішекпен түсау бала өскенде бай болсын, малды болсын деген тілектен туындаған. Баланың келешегіне жол ашады, ақ жол тілейді.Баланы ары-бері жүргізеді.
Бала 4-5 жасқа келгенде оны атқа мінгізіп, ашамайға отырғызған. Ашамай дегеніміз бала аттан құламауға ыңғайланып жасалған ердің бір түрі. 6-7 жасқа келгенде бала өз бетімен атқа мініп әкесімен, не ағаларымен сапарға шыкқан жағдайда ата-анасы баласының тоқымқағаррәсімін жасаған.
Бала 7 жасқа толған кезде, әке-шешесі немесе ата-әжесі қолынан жетектеп мектепке апарады.Ата-анасы мектепке барған баласына арнап «Тілашар» тойын жасайды.
|