1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет72/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

8-мәтін
Екі қап азық
Бір күні екі дос қасиетті тауға шығып, ата-бабаларын еске алмақшы болады әрі құдайдан өздеріне және туған-туысқандарына әл-ауқат пен байлық сұрамақшы болады. Әйелдері жолға қампиған шелпек, қоржындарына қазы салып береді. Ерте ме, кеш пе екі жолаушы таудың етегіне де келіп жетеді. Тау өте биік болатын, шыңы бұлтпен таласқан, тіп-тік, жүгіңмен көтеріле алмайсың.
Көтерілу үшін жеңіл болсын деп, достардың бірі жалғыз шелпекті қалдырып, қалғанын қалдырып кетпекші болады, ал екіншісі мұндай байлықтан айырылғысы келмей, бәрін жеп қояды, суды түгел таусып ішеді. Сосын досына жетіп алмақшы болады, бірақ тойып алған ол досына жете алмай жолда қалады. Ал оның досы екі тәулік нәр татпастан тауға шығады, түсте күн төбеде тұрғанда, мұз шыңға шығады. Аппақ қармен жуынып, шомылып, шелпегінің жартысын жейді, ал қалғанын ________ қалдырып, төмен қарай беттейді.
Содан бері оның өзі, жақындары ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешіп, оның тегінде де ешкім ауру дегенді білмепті, бақытсыздық та оның отбасынан аулақ болыпты деседі.


9-мәтін

Арал теңізі - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Арал теңізіне Орталық Азияның 2 аса ірі өзені Әмудария мен Сырдария құяды. Климаты континенттік, кұрғақ. Арал теңізінде балықтан арал шоқыры, сазан, қаяз, торта, т.б. түрі бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. Жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал шаруашылығымен және көкөніс-бақша өсірумен айналысады.


Арал алабындағы шаруашылық мақсаттарға ысырапсыз суды пайдалану барысында әрі судың қорын есепке алмағандықтан 1998 жылы теңіз деңгейі 18 метрге төмендеді. Нәтижесінде теңіз 2 су қоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, ауаға желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатты аймаққа айналып шыға келді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген .................. ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
10-мәтін
Асыл қазына

Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден озар алдында қасына ұлын шақырып алып:



  • Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім

жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір________ бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқыпты қолдан, - депті.
Күндердің бір күні бала әкесінің қалдырған қазынасын іздеймін деп жолға шығып, әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан сұрайды.

  • Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған

мұрасы – тіл. Сенің әкең сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сол кісіден үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ, - деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін тауып беріпті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет